Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет86/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   103
Балғынбек ИМАШЕВ


236
4.1.2 М.Әуезов және көркем аударма теориясы
7
 
М.Әуезовтің әдеби мұрасында көркем аударма үлкен орын 
алады. Оның баспасөз бетінде тұңғыш жарияланған көркем 
шығармалары да – аударма. 1918 жылы ол орыстың ұлы жазушысы 
Л.Н. Толстойдың «Будда» дейтін әңгімесін аударып, баспасөз 
бетінде жариялады. Содан бері өзінің күллі әдеби шығармашылық 
өмірінде М.Әуезов көркем аударманы қатар алып жүрді. Одан жазу 
шеберлігін үйренді, қазақтың тілі мен әдебиеті үшін жаңа дәстүр, 
жаңа үлгілер әкелудің жолдарын тапты. 
М.Әуезов көркем аударманы тіл әдебиеттің негізгі бір саласы 
деп білген. Оны өз халқын дүниежүзілік озық мәдениетпен 
жалғастыратын кең арналы сарқылмас қазына деп таныған. 
Қазақ тілі мен әдебиетінің даму жолдарын зерттеген адам, енді 
қай уақытта болса да Әуезовтің аудармашылық қайраткерлігіне 
соқпай өте алмайды. Көркем аудармада ол қалдырған мұра 
орасан зор. Және оның әрбір аудармасы ұлттық әдебиет пен 
өнердің дамуы жолындағы елеулі кезең. Олардың бәрін былай 
қойғанда, М.Әуезовтің қаламынан туған жәй мақала-очерктер мен 
ғылыми еңбектердің бәрінде де автордың өне бойы белгілі бір 
орыс сөзін немесе ғылыми терминдерді қазақша қалай деп алып, 
қалайша қалыптастыруға болар екен дегендей, әр алуан нұсқада 
қолданып көріп, тәжірибе жасап отырғаны байқалады. Оның бұл 
тәжірибелері, зерттеудің өзі де тіл мәдениетінің дамуындағы көп 
жайларды аңғартқан болар еді. 
М.Әуезов – шебер аудармашы. Оның аударатын шығармаларды 
іріктеп алуында да сыр бар. Сонымен қатар ол әдебиетіміз бен 
тіліміздің даму кезеңдеріне қарай аударудың түрлі қағидаларын 
да өз тәжірибесінде әдейі қолданып отырған. Әдебиет және тіл 
зерттеу ғылымдары үшін сол қағидаларды анықтап талдаудың 
да, сөйтіп, көркем аудармадағы Әуезов шеберлігінің мән-жайын 
ашудың да ерекше маңызы бар. 
Көркем аударманың теориялық мәселелерін талдауда 
М.Әуезовтің сіңірген еңбегі ерекше. Оның бұл саладан айтқан 
күрделі ойлары бүкіл Одақ көлемінде әдеби және ғылыми 
жұртшылықтың пікірін оятып қана қоймай, кейбір шетел 
7 «Әлем әдебиеті» альманахының 2008 жылғы № 1 санынан (3-14-беттер) алынды


237
қайраткерлерінің де назарын мықтап аударғандығы белгілі. Кеңес 
жазушыларының Бүкіл одақтық екінші съезінде оның П.Анто-
кольский және М.Рыльскиймен бірігіп жасаған баяндамасы 
социалистік реализм әдебиетінің үлкен саласы болып табылатын 
көркем аударма жөніндегі аса маңызды тарихи құжат болып қалды.
Демек, М.Әуезов сынды үлкен қайраткердің бұл жайындағы әр 
мезгілде айтқан пікірлерін қорытып, оның алға қойған қағидаларын 
анықтаудың маңызы біз үшін де, болашақ ұрпақ үшін де өте зор.
Әуезовтің көркем аударма туралы ойларын жалпы қазақ 
әдебиетінің даму тарихымен байланыстыра қарау керек. 
Біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына әрқашан орыс 
мәдениетінің ықпалы тиіп отырғандығы анық. Ал сол ықпал, 
көбінесе аударма арқылы жасалған. Осыны көре білген ғалым 
Әуезов қазақ әдебиеті мен әдеби тілінің дамуы жолындағы белгілі 
бір кезеңдерде көркем аударма туралы ой қозғамай қалған емес.
Қазақ әдебиетінде көркем аударма тәжірибесі өте арыдан 
басталады. Бізде тек орыс тілінен аударудың өзінің жүз жылға 
жуық тарихы бар. Сондықтан аудару қағидалары жайындағы 
кейбір пікірлерді біз өткен ғасырдың аяқ шеніндегі Қазақстанда 
шыққан ресми баспасөзден де кездестіреміз.
Бірақ аударманың әр алуан мәселелерін ғылыми тұрғыдан 
ойластыру, оның әдіс-тәсілдерін анықтап, шеберлігіне үңілу 
әрекеті тек отызыншы жылдардың екінші жартысынан бергі 
жердегі еңбектерден ғана ұшырайды.
1937 жылы бүкіл кеңес халқы орыстың ақыны А.С.Пушкиннің 
қайтыс болуының жүз жылдығын кең түрде атап өтті. Оған бізде де 
алдын ала үлкен әзірлік жасалып, ақынның мол мұрасын жаппай 
аудару ұйымдастырылды. Бұған сол кездегі қазақ әдебиетінің бар 
күші жұмылдырылды. Басы Ілияс Жансүгіров болып көрнекті 
қазақ ақындары Пушкинді аударумен шұғылданды.
Нақ осы уақытта, яғни кемеңгер ақынның мерекесін өткізу 
әзірлігінің енді қыза бастаған кезінде М.Әуезовтің «Пушкинді 
қазақшаға аудару тәжірибелері туралы» деген мақаласы 
жарияланды. Бұл өзі автордың қазақ әдебиеті үшін, атап айтқанда, 
қазақтың көркем аударма мәдениеті үшін үлкен бір белес болғалы 
тұрған тарихи кезеңнің мәнін ұға отырып, соған атсалысушыларға 
көмек болсын деген оймен әдейі жазған мақаласы еді.


238
Автор мұнда Пушкин шығармаларын казақшаға аударудың 
тарихын шолып, бұрынғы аудармаларға қысқаша баға беріп 
кетеді. Ол ең алдымен Абайды алады. Қазақта Пушкинді алғаш рет 
аударғысы келген ақын Абай екенін, оның қолға алғаны «Татьяна-
Онегин» болғанын, бірақ Пушкиннің өз ізін қумай, тек қыз бен 
жігіт арасын баян етуді ғана көздегендіктен, аудармашының 
мазмұн жағынан да, түр жағынан да Пушкиннен алыстап кеткенін 
айтады. Автор Пушкиннің «Евгений Онегинін» Абай аудармасы 
тұрғысынан сөз еткенде, әдейі «Татьяна-Онегин» деп отырады. 
Өйткені Абайда бұл поэма қыз бен жігіттің хаттары ретінде 
ғана баяндалған. Осылай берілген төрт хаттың тек біріншісі
яғни Татьянаның алғашқы хаты ғана Пушкиннің ізімен шығады. 
Содан басқа үш кезеңнің үшеуін де Абай Пушкиннен аудармайды, 
соның сарынымен өзінше жазып шығады. Сондықтан Абайдың 
жігіті Пушкиндегідей опасыз, тұрақсыз жігіт емес, үлгілі жігіт, 
қызы биязы. Ол сүйсең осылардай сүй деп отыратын сияқты. 
Сөйтіп, Абай бұл аудармада Пушкин шығармасының қонысын да, 
кұбылысын да өзгертіп жіберген, − дейді автор. Сонан соң тілдегі 
теңеулерінде де:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет