Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


-сұрақ. Тегі жалпы,шаруашылыққа пайдалы,физиологиялық



бет13/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
10-сұрақ. Тегі жалпы,шаруашылыққа пайдалы,физиологиялық, морфологиялық ерекшеліктері,мекен-жайы ортақ көп санды мал тобы
Сиыр фермаларында сапалы сүт алу үшін, оның санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай болуы қажет. Ал, сауыншылар, басқа да сүт өңдеуші жұмысшылар жеке-жеке гигиенаны дұрыс сақтауы қажет. Сүтті алғашқы өңдеу оны тазалаудан және суытудан басталады. Сүтті алғашқы өңдеу ГОСТ- тың талабына сай болуы қажет. Сүттің өңдеу температурасы 100°С кем болмау қажет. I сортты сүттің қышқылдығы 16-180 Т, ал тазалығы -бірінші топқа, редуктазасы - 1 класқа сай болуы қажет. II сортты сүттің қышқылдығы 16-200 Т, ал тазалығы бойынша екінші топқа, редуктазасы - 2 кластан төмен болмауы керек. I және II сортқа жататын сүттің тығыздығы (плотность) - 1,027 кем болмауы қажет.
1847 ж. Блондо сүт қышқылын ашу процестерінде түзілу мүмкіндіктерін көрсетті. Сүт қышқылына Л. Пастердің ең алғашқы микробиологиялық еңбектері арналған. 1868ж. Шульце сүт қышқылды бактериялардың шарап зауыттарында қолданылатын ашытқылардан алуға болатынын дәлелдеді. Бірақ та таза сүт қышқылды бактериялар тек 1877ж. табылды. Сонда Листер streftococcus lacfis бактериясын бөліп алды. Сол кездерде Дельбрнек сүт қышқылды ашуға қолайлы температураны анықтауға тырысты. Ол, салыстырмалы түрдегі жоғарғы температура, сүт қышқылының түзілуіне мейілінше қолайлы деген тұжырымдама жасады.
Ең алғашқы болып өнеркәсіп масштабтарында сүт қышқылын алған Эвери болды. Сол кездерде нан жабуға қолданатын ұнтақты даярлаудағы, қолданылатын шарап қышқылды кальцийді сүт қышқылды кальциге ауыстыруға талпыныстар жасады. Бұл талпыныстар нәтижесіз болғынымен, сүт қышқылының басқабағытта, яғни жаңа салалардағы қолдануы арта түсті. 1887ж. бастап сүт қышқылын, ашыту процестері арқылы өндіру қарпынды дымыды. Нәтижесінде сүт қышқылын өндіру, өнеркәсіптің негізгі саласына айнала бастады. Қазіргі кездегі сүт қышқылын өнеркәсіпте – жүгері қанты, меласса және сүт сүзбесі арқылы алады.
Әрбір шаруашылықтағы сүтті алғашқы рет өңдейтін сүт бөлмесі болуы тиіс, оның негізгі міндеті сүтті тазалау және суыту, сонымен қатар, түскен сүтті есепке алу және сатуға ар-налған сүтті есепке алу.
Машинамен сауатын операторлардың алдында көптеген жауапты істер бар. Оған: сапалы сүт алу және сауу аппаратын күту, тазалау және сиыр желінін бақылау. Сиырларды сауып біткеннен кейін, сауын аппаратын жылы сумен шаю қажет.
Жаңа сауылған сүтте биологиялық ерекше заттар бар, оған лизоцим және лактонин жатады, олар зиянды микробтардың көбеюіне кедергі жарайды. Сүттің температурасы дұрыс жағдайда, жақсы заттардың әсері 2 сағатқа дейін сақталады, ал сүтті салқындатқан уақытта, оның жақсы қасиеті көпке созылады. Сондықтан сүтті сауып болысымен оларды салқындату қажет. Сүтті салқындатудың ең оңай жолы, сүті бар флягтарды, суық ағынды суларға қою, ал екінші жолы компрессорлық қондырғыларды пайдалану. Әрине, ең алғашқы жүмыс, сүтті әр түрлі қоқыстардан тазарту және тезірек суыту. Сүтті тазарту үшін, флягқа құяр алдында фильтрден өткізеді. Фильтрден өткізу үшін, марло және лавсанды пайдаланады.
Сиырларды машинамен сауған уақытында, сауын қондырғыларында сүтті тазалау автоматты түрде өтеді.
Сүт фермасында технологиялық жұмыстарды механикаландыру
Сүт өндіру фермаларында прогрессивті технологияны қол-данудың жолы, ол комплексті механикаландыруды пайдалана білу. Сүтті сиырларды байлап үстау уақытында сүтті өндіру үшін ең тиімді технология кешенді механикаландыруды қолдану. Оған: сумен қамтамасыз ету және автоматты түрде суару, сиырларды сауу, мал азығын дайындау және тарату, қиын та-зарту жатады.
Сумен қамтамасыз ету әр шаруашылықтың жеке ісі, жалпы су қүбырына қосу арқылы және басқа да түрлері бар. Сиырлардың сиыр қорасында жеке-жеке суаратын автосуарғышы болады [2].
Сиырларды машинамен сауу, түрған орнында тасымалды сауу аппараты арқылы өтсе, олардың сүтін флягқа жинайды. Жаз айларында сиырларды сауу УДС-ЗА қондырғысы арқылы өтеді. Машинамен сауу алдында, сиырлардың желінін және емшегін бағалайды, олардың желіндері астау, тегене жөне дөңгелек тәрізді, ал емшектері цилиндір, немесе конус тәрізді болуы шарт. Осындай машинамен саууға бейімді сиырларды екі тактылы машина аппаратымен сауады. Сиырларды механикаландыру тәсілімен сауу, олардың сүтін алғашқы өңдеумен ұштастыру арқылы өтеді, оған сүтті тазарту және суыту жатады.
Мал азығын механикаландыру арқылы дайындау, оның са-пасы және рационының қүрамына байланысты. Оған: азықты үстау, жемдерді бір-бірімен араластыру, тамыр түйнекті азықтарды тазарту және оларды кесу т.б. жұмыстар. Ал, өте ірі шаруашылықтарда механикаландырылған азық цехтары болады.
Мал азығын тарату, механикаландырылған мобильді механизмдер арқылы іске асады.
Малдың қиын жинау механикаландырылған транспортерлар арқылы іске асып, қи қорына жиналады.
Үздіксіз-цех тәсілімен сүт өндіру арнайы цехтарды ұйымдастыру арқылы өтеді. Онда сиырлардың физиологиялық жағдайына қарай, бір цехтан екінші цехқа ауыстыру сауын маусымына, сауын мезгіліне және сиырлардың буаздығына байланысты өтеді.
Ал, сиырларды азықтандыру күнтәртібі әр цехта өзінше өтеді, ер цехтағы малдардың өзінше ерекшелігі болады. Осындай сүт өндіру тәсілі, сиырларды сүтейту үшін және сиырларды бұзаулату үшін маңызы зор. Сиырларды үздіксіз — цехта ұстап, сүт өндіру үшін, оны төрт цехқа бөлген: суалу, бұзаулату, сүтейту және қашыру, сүт өндіру. Сиырлардың әр цехта болу мерзімі, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Суалу цехына сиырлар бұзаулауынан 60 күн бұрын әкелінеді. Шағын фермаларда сиырларды байлап ұстаса, ал ірі малы көп шаруашылықтарда, бос ұстау тәсілін қолданып, малдарға серуендеу және азықтандыру аландарына шығаруға мүмкіндік жасайды. Бос ұстау қораларында 3-4 секция болады. Әр секцияда 50 шақты сиыр болады [3].
Малдарды азықтандырғанда, олардың рационында витаминдер мен минералды заттардың болуын қадағалайды. Қолда ұстау мезгілдерінде азық рационында шөптің әр түрінің, сүрлемнің, тамыр түйнекті және арнайы қоспа жемнің бар екенін қадағалайды. Жаз айларында жазғы жайылым және қосымша жемді пайдаланады. Бұзаулау цехында 4 секция бар: бұзаулауға дейінгі 10 күн; бұзаулау 1-2 күндік; бұзаулағаннан кейінгі 14-15 күн, төртінші секция (профилакторий) бұзаулардың туғаннан кейінгі 20 күні.
Бұзаулау секциясы 9 м2 мөлшерімен есептелінеді. Жаңа түған бұзаулар өз енесінің сүтін емеді. Бұзаулағанға дейінгі секцияда сиырларды байлап үстайды. Оларды сапалы шөппен және 1,5-1,8 кг сүйытылған жеммен қамтамасыз етеді.
Жалпы сиырларды азықтандыру, олардың физиологиялық ерекшелігіне сәйкес болу жағдайын қарастырады. Алғашқы 3-4 күнде сиырларға сапалы шөп беріп, одан кейін жемді қоса бастайды [4]. Сиырлар бұзаулаған күннен 14 тәулік өткенде толық рационға көшіріледі. Бұзаулау цехында операторлардың жүмысы үш сменадан түрады және қосымша мал дәрігерлік бақылауда болады.
Сиырларды сүтейту жөне қашыру цехына малдар 14-15 күн-нен кейін өкелінеді. Бүл цехта сиырларды азықтандыру Мөселесіне көп көңіл бөлінеді, тәуліктік сүтіне қарай, сүтейту үшін қосымша 1,5-2 азық өлшемін артық береді. Сиырлардың сүтіне қарай, оларды үш топқа бөледі: аса сүтті, орташа сүтті жөне аз сүтті - деп. Сиырларды сүттілігіне қарап әр деңгейде азықтандырады. Шөпті, сабанды, сүрлемді барлық топтағы сиырларға бірдей таратса, ал жемді жөне тамыр түйнекті азықтарды, сиырлардың сүттілігіне қарай қамтамасыз етеді. Сиырлар-ды сүтейту цехында әр сиырдың сүтін жеке есептейді. Күнделікті сиырларды серуендетуге шығарады, әрі сиырларды мезгілді уақытында қашыруын қадағалайды.
Сиырларды сүтейту жөне қашыру цехынан кейін, оларды топ-тобымен сүт өндіру цехына ауыстырады. Бұл цехта сиырлардың сүттілігінің жоғары деңгейде болуын қадағалап, олар-дың буаздығын және уақытында суалуын қадағалайды.
Сүтті бағыттағы сиыр өсірудегі басты мақсат барынша аса жоғары сапалы сүт сауу. Сиырдың сүттілігі 305 күнде сауылған және тәулігіне ең көп шыққан сүт мөлшеріне қарай анықталады. Сондықтан сиырдың сауылу мерзімі қысқа болса, ондай сиырдың пайдасы аз.
Сиырды сүттілігіне қарай сұрыптағанда оның сауылу кезеңіне шығатын сүтінің өзгеруіне де көңіл аударылады. Мысалы, кейбір сиырдың тәулігіне шығатын ең көп сүті сауын маусымының екінші айында сауылса, содан кейінгі айларда тез арада төмендейді, ал енді біреулерінің ондай көрсеткіші бұған керісінше бірте-бірте көтеріліп, сауын маусымының соңғы айларында ғана төмендей бастайды. Сауын маусымында осының соңғысына ғана мол сүт саууға болады [5].
Сиырдың сүттілігі оның тұқымына, азықтандыру жағдайына, күтіміне, жасына, қоңдылығына, тірілей салмағына, саулыған мерзіміне және уақытылы саууына байланысты келеді. Сүттілік тұқым қуалайды. Дегенмен, ең жақын тегі-ата-енесінің сүттілікке тигізер әсері күшті.
Ашу методымен сүт қышқылын алу. Дайын культураны ыдыстан алып қоректік ортасы бар үш ыдысқа салады. Ыдыстағы культураны алдымен 500мл колбаға сүт қышқылы өндірісінің 10л бөтелкелерге орналастырады да, культивирлеуге жібереді. Егіс материалының көлемі аппараттың көлемінің 30% алып жатуы керек.
Культивирлеу температурасы 48-500С, ал әр сатының жалғасу ұзақтығы 20-24 сағат. Орта залалсыздандырылған болу керек. және қоспа ретінде залалсыздандырғыш бар болуы қажет.
Сүт қышқылы ашудың сфералық цилиндр формалы сыймдылығы 25-45м3 алюминий немесе тот баспайтын болаттан жасалған аппаратта дайындайды. Оның ішінде жыланшалар секілді қуыстар ыстық су айналымын тудырады. Меласса және рафинад легі аппаратқа құбыр арқылы түседі. Ал қант шикізаты алдын ала ерітілген сумен ашытқыш аппаратқа құйылады. Бор «сүтін» арнайы орындарда дайындайды.
2/3 көлемді аппаратты сумен толтырып меласса мен рафинад легін ерітіп, қант құрамы 3-4% етіп, ерітінді жасайды. Қоспаны 700С дейін қыздырады және осы температураны бір сағат бойы пастерлейді. Сосын қоспаны 48-500С дейін суытып оған 15% солодтың өсіндісін және егіс культурасын 20% көлемдегі аппаратқа құяды.
Қоректік орта культивирлерін 6 сағаттан кейін ауаның периодтық барботирімен өлшейді. Қышқылдық сүт қышқылымен салыстырғанда 0,5-0,6% жеткенде, әр 1,5-2 сағат сайын борлы сүттен аздап қосып отырады. Нәтижесінде сүт қышқылының нейтралынан кальций лактаты түзіледі.
Орташа ашу процесі кезінде бір күнде 2% қант ашытылады. Қант азайып отыратындықтан ашытқыш аппаратқа 50% қант шикізатын 3-4% қоректік ортадағы қант концентрациясын сақтау үшін қосады. Қоректік ортаға қанттың кальций лактатының ашу процесінің соңында культуралды сұйықтықта 15%, ал ашымаған қанттың көлемі 0,2-0,5%қалардай салады. Ашу процесі 6 күнге созылады. Процесс аяқталғаннан кейін ашыған культуралды сұйықтықты ашу аппаратында 70-800С қыздырады да, известік сүтпен әлсіз сілтілік реакция жүргенше бейтараптайды. Осының нәтижесінде ақуыздардан коагулизациядан өткізіп темірді түсіріп қалған қанттың құрамын бұзады. Содан кейін культуралды сұйықтықты тұндырып бумен қыздырылған фильтр-преске салады. Фильтреуді кальций лактатының температурасына сәйкес 70-800С өткізеді. Алынған фильтрлік өнімді 27-30% дейін булайды да, 25-300С салқындатыпкристаллдағышта 36-48 сағат бойы ұстайды. Кристалдауды қоспадан кальций лактаты 6% қалдырлағанда тоқтатылады.
Сүт қышқылы сұйықтығын ГЦФК – да өңдейді. Ал натрий сульфаты мен барий сульфиді арқылы ауыр металлдар мен мышьякты және активті көмірмен басқа заттарды құрту үшін қосады. Өңдеп болғаннан кейін дайын өнімді фильтрлейді де, қалған гипсті сүт қышқылын бөліп алу үшін фильтрден жуып тастайды. Нәтижесінде 18-20% концентрациялы сүт қышқылын алады. Ал концентрацияны 40% жоғарлату үшін оны вакуум аппаратта булап, содан кейін тағы да активті көмір қосып ГЦФК- да өңдейді. Активті көмірді қосқан соң оны фильтр-преске бөліп қалдырып, сүт қышқылын дайын өнім жиынтығына қосады [6].
Сүт қышқылын сонымен қатар 70% концентрацияда екі рет вакуум аппаратқа булап, фильтр-престе қайта фильтрлеу арқылы алады. 70% -дық сұт қышқылы сұйық немесе құйылмалы түрде шығарылады. Құйылмалы түрін сүт қышқылына аздаған мөлшерде бор қосу арқылы алады.
Сүт қышқылын жасауға жарамды көмірсулар. Сүт қышқылын өндіруге әртүрлі көмірсуларды пайдалансақ болады. Өнеркәсіпте қышқылды көбінесе глюкоза, сахароза, лактозадан өндіреді. Жүгері немесе картоп крахмалын мальтоза және глюкозаға айналдыру үшін ең алдымен ферменттер немесе қышқылдар арқылы (ең жақсы H2SO4) қантты аламыз. L. pentocus ксилозаны ашытады, нәтижесінде сірке және сүт қышқылдары түзіледі. Меласса және сарысу қанттың арзан қайнар көзі (ашуға арналған). Сүт қышқылдарынан алынған лактозаның газ өнімдерінің салмағы 1200000т. Осы өнеркәсіптік қалдықтардың көбісінің құрамында лактоза болады. оларды сүт қышқылын алуға пайдалансақ болады.
Оттегінің әсері.Сүт қышқылын өнеркәсіпте алуға пайдаланатын бактериялардың бәрі микроаэрофилдер немесе анаэробты жатады. Тек Sfrept. Lactis факультативті анаэробқа кіреді.
Сүт. Ірімшіктердің әртүрлі сорттарын, әртүрлі, яғни қой, ешкі, сиыр және жылқы сүтінен жасайды. Әрбір жануардың сүтінің құрамында тұздар және сүт болады [7].
Майлар сүтте эмульсия түрінде кездеседі. Қант миниралды тұздар және кейбір ақуыздар сүт құрамындағы суда еріген күйде кездеседі. Казеин, сүт құрамында кальций тұзының коллоидты ерітіндісі түрінде болады.
Ірімшік деп мына өнімді айтамыз: ол қаймағы бұзылмаған сүттен, майсыздандырылған немесе қаймақ қосылған сүттегі казейннің ұюынан пайда болады.
Ірімшіктің кейбір сорттарын жасау үшін ірімшікті қыздырып, сығып, керекті қоспалар қосады. Ірімшіктің жетілуі бактериялар және саңырауқұлақтар бөлетін ферменттер нәтижесінде жүреді, сонда ірімшіктің дәмі мүлдем өзгереді.
Сүт сарысуы (сыворатка)
Бұл ішімдік сүтті пісу нәтижесіндегі ірімшік бөлінгеннен соң, қалған өнім. Сарысудың құрамында көбінесе: лактоза, еріген минералды тұздар және лактабульмин болады. Құрамында аз ғана май кездеседі [8].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет