Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


сұрақ: Жануарлар онтогенезінің зандылыктарыныңбipi



бет61/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
79сұрақ: Жануарлар онтогенезінің зандылыктарыныңбipi
Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең – жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар Онтогенезінің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар.
Дернәсіл (larva) – көптеген омыртқасыз жәндіктер мен кейбір омыртқалы жануарлардың (балық, қосмекенділер) ұрық қабығынан шыққаннан кейінгі жеке даму сатысы. Бұларда организмнің пішінін түрлендіруге жұмыртқадағы қоректік заттарқоры жетіспейді, сондықтан олардың пішіні ересек организмдерге ұқсамайды. Дернәсіл өз бетінше өмір сүреді, белсенді қоректенеді, өсіп дамиды, мезгіл-мезгіл түлейді, әр түрлі ортада тіршілік етеді
Дернәсіл даму кезінде ата-тегінің дамуында болған өзгерістердің барлығын қайталайды, мұның тірі организмдердің даму тарихын(филогенезін) зерттеуде маңызы зор. Осы заманғы жануарлардың кейбір топтарының дернәсілінде ата-тегінде болған құрылым ерекшеліктері сақталып қалған.
Құрсақтық даму кезеңі (антенатальный период) — сұтқоректі жануарлар ұрығының ұрықтанғаннан бастап, туғанға дейінгі жатырдағы даму кезеңі. Құрсақтық даму кезеңі — адам мен жануарлардың жеке даму тарихы — онтогенездің іштегі эмбриондық кезеңі. Бұл кезеңде бірклеткалы организм — зигота эмбриогенездің негізгі сатыларынан (ұрықтану, бөлшектену, гаструляция, гистогенез, органогенез, системогенез) өтіп, күрделі организмге айналады

80 сұрақ: Мал  онтогенез зандылықтарының бipi:
Малдың жекелей өсіп жетілуі дамуы онтогенез деп аталады. Онтогонез аналық жыныс клеткасының (жұмыртқа клетканың) аталық жыныс клеткасымен (сперматазойдпен)ұрықтану мезгілінен басталып, кейін одан бүкіл организм өсіп шығып, мал тіршілігі аяқталғанға дейін созылады.
Малдың жасына қарай өсіп жетілуінің ерекшеліктерін білу, сыртқы орта (азықтандыру, күтіп-бағу, табиғи климат т.с.с.) жағдайларының әсері арқылы, өнім беретін бағытына байланысты олардың дене бітімін , сыртқы пішімін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Организімнің өсіп жетілуін білудің ең қажеті ең алдымен мынаған байланысты: өсіп жетілу барысында жануар тұқымдық және түрге байланысты белгілерге ғана ие болып қоймай, оның өзіне тән дене бітімінің, экстерьерінің, өнімділігінің ерекшеліктерін қалыптастырады. Онтогенезде тұқым қуалайтын сабақтастық пен ата-енелер белгілерінің өзгергіштігі жүзеге асады, ол арганизмнің табиғи және сыртқы орта жағдайлары факторларының әсер ету нәтижесінде өтеді.
Онтогенез негізгі екі процестен өсу және жетілуден тұрады. Бұл ұғымдар өзара байланысты болғанымен, олар ұқсас ұғымдар емес.
Өсу кезінде дененің массасы ғана артып қоймай, оның пропорциясы да өзгеріп, денеге жаңа қасиеттер береді. Жануарлардың өсу негізін клетканың бөлінуі, олардың массасы мен көлемінің артуы, клетка аралық түзілімдердің артуы секілді үш процес құрайды. Өсу ұғымын әр түрлі ғалымдар түрліше түсіндіреді. Аса ірі биоллогтардың бірі И.И.Шмальгаузен өсуді организмнің активті бөліктерінің артуы деп түсіндірді, мұнда бос энергияның мөлшері артады, бірақ кез келген көлемнің артуын өсу деп атауға болмайды. К.Б. Свечин онтогенезді терең зерттеудің негізінде организм клеткалары массасының, оның ұлпалары мен мүшелері массасының, олардың көлемінің тарлтуын өсу деп атады.
Селекция тәжірибесінде малдың өсіп-жетілуін туғаннан кейін оның салмағын,бойын және көлемін өлшеу арқылы анықтайды. Көбінесе алғашқы екі тәсіл қолданылады.Малдың өсіп-жетілуі туралы дұрыс мағлұматтар алу үшін өлшеу мерзімдерінің (қашан, қай жаста, қанша уақыттан кейін) маңызы үлкен.Көрсетілген мәселелерді түліктің түріне, зеттеу мақсатына байланысты шешеді.Мысалы, малдың жас ерекшеліктеріне байланысты өсу заңдылықтарын анықтағанда, әсіресе малдың жас уақытында жиі өлшейді.Сол сияқты тез жетілгіш ұсақ малды (қоян, шошқа, қой, т.б.) қара малға (сиыр, түйе,жылқы) қарғанда жиі өлшейді.Шаруашылық жағдайында малдың өсіп-жетілуін бақылау үшін млды туғанда, бір, екі, үш, алты,тоғыз,он екі және он сегіз айлықтарында өлшейді. Екі жасқа толғаннан кейін жылына бір рет өлшейді.

Сағынышова Мөлдір 81-85


Жібермеді

Тұрмағамбет Алтынай 86-90




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет