Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Шаруашылыққа тікелей кұндылығы жоқ белгілер бойынша жүргізілетін сұрыптау



бет64/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73
88. Шаруашылыққа тікелей кұндылығы жоқ белгілер бойынша жүргізілетін сұрыптау:
Сұрыптау, таңдау – жалпы тұрғыдан алғанда адамға ежелден түсінікті ұғым. Тіпті сонау басында аңшылықпен айналысқан кездің өзінде тағы хайуандарды адам өзінің бір талғамы бойынша атқан. Сол сияқты хайуанаттарды қолға үйреткен кезеңде де адам белгілі бір талғамды басшылыққа алғаны сөзсіз. Сұрыптаудың ғылыми теориясының негізін қалаушы Ч. Дарвин (1809–1882 ж.ж.) болды. Ол органикалық дүниенің эволюциялық дамуына, тірі ағзаның жаңа түрлерінің, жаңа тұқымдық топтардың пайда болуында сұрыптаудың шешуші рөлі барын анықтады. Ч.Дарвин сұрыптау, тұқым қуалаушылық және өзгергіштік біріге отырып, эволюцияның негізгі қорғаушы күшін құрайтындығын дәлелдеді.
Тікелей шаруашылық маңызы жоқ немесе жануарлардың басқа да қажетті шаруашылық қасиеттерінің дамуымен байланысты, көбінесе морфологиялық белгілер бойынша сұрыптау жанама сұрыптау деп аталады. Мұндай таңдау корреляция заңына негізделген.
Сонымен аруашылыққа тікелей құндылығы жоқ белгілер бойынша жүргізілетін сұрыптауды жанама сұрыптау деп атайды.
Жанама сұрыптау – корреляция (байланысты өзгеріс) заңдылықтарына негізделген. Мал ағзасындағы әр түрлі морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық құбылыстар сайып келгенде бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан ағзаның кейбір ерекшеліктерінің өзгеруі, екінші басқа қасиеттерінің өзгеруін туғызады. Осындай жағдайда екі өзгеріс кейде бір бағытта, кейде қарама-қарсы бағытта жүреді. Әйтеуір ағзаның екі ерекшеліктері өзгерісінің арасында байланыс болса, біріне қарап екіншісін біршама нақтылы болжап анықтама беруге болады.
Сонымен жанама сұрыптау арқылы малдың жас кезіндегі кейбір белгі қасиеттеріне қарап, оның ересек кезінде беретін өнімін болжап, баға беруге болады. Бұл сұрыптау мерзімін тездетіп, малға ерте баға беріп іріктеуге мүмкіншілік туғызады. Жанама сұрыптауды қолдану қазіргі уақытта біршама кен. Өріс алып келеді. Мысалы, интерьерлік (терінің құрылысы, қанның құрамы т.б.) көрсеткіштер бойынша малдың өнім бағыты мен мөлшеріне баға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет