Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады)



бет55/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   171

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Ә-ә-ә – әже
Ә-ә-ә – әке
І-і-і- ің-ің – сің-лі.
Тақпақ жаттау. Педагог отбасы мүшелерін қайталап, тақпақты бірге қимылмен жасап, жаттауды ұсынады.
Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз, Басбармақ – әкем, Балаң үйрек – анам, Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен, Кішкентай бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.


Сергіту сәті. Дөңгеленіп тұрамыз, Керегені құрамыз.
Уықтарша иіліп,
Шаңырақты көтеріп, Қазақ үйді құрамыз.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


    1. Суретті сипатта. Отбасы мүшелері не істейді? Өз отбасың туралы әңгіме құра.

    2. Мақал-мәтілдерді жаттап ал.

Отан отбасынан басталады. Баланың бас ұстазы – ата-ана.


Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Мақал-мәтілдердің мазмұнын түсіндіреді. Балалар қайталайды.
    1. Рефлексия.


Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.

  • Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№ 16


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ғажайып алаң.
Мақсаты: қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру, отбасы тақырыбын қайталау, бекіту.
Білімділік міндеті: отбасы мүшелерінің атын қазақша айтуға, сөз тіркестерін дұрыс қолдануға үйрету, диалогке қатысуға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Тәрбиелік міндеті: үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет