Шаттықшеңбері:педагогбалаларғаөлеңдібіргеқимылменайтуғаұсынады. Достар, бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер.
Ғажайып сәт: Қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Балалармен амандасады. Ойын ұйымдастырады.
Өткен «Менің отбасым» тақырыпты қайталау. Сөздік ойын: «Мен бастаймын, сен қошта». Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Демонстрациялық материалдармен жұмыс. Педагог балаларғабалабақшаныңсуретінкөрсетіп,сұрақтар қояды.
Мынау не?
Бұл – балабақша.
Балалар қайда келді?
Балалар балабақшаға келді.
Балалар не істеп жүр?
Балабақша ауласында ойнап жүр.
Саған балабақшада көңілді ме?
Иә, балабақшада көңілді. Балабақшада балалар көп. Олар бір-бірімен дос.