Глоссарий: Инновация - ұжым жұмысына белгілі бір өзгерістер ала келетін әлдебір жаңалықты енгізу процесі.
Әдебиетті жаңаша оқыту - оқу процесінің жұмысына белгілі бір өзгерістер ала келетін жаңалықты енгізу болып табылады
Көп сатылы үзіліссіз білім беру- білім алумен адамның бүкіл өмірін қамту;білім алу жүйесін мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі және мектептен кейінгі деңгейлерді біртұтас жүйе деп тану;
Сызбалар, тапсырмалар, ситуациялар: Қазақ тілін тереңдетіп оқытуға байланысты инновациялық технологиялардың сызба-нұсқасын жасау.
Интерактивті әдіс:дискуссия
Түрі: баспасөз конференциясы
Формасы: өзекті мәселелерді талқылау
Мәнжазба тақырыптары: 1. Көркем тексті келістіріп оқуға үйрету
2. Ш.Айтматов шығармалары арқылы адамгерпшілік, имандылыққа тәрбиелеу
Блиц-тесттер: 1. Бір кездері үзіліссіз білім алуға тән негізгі принциптерді ұсынған неміс ғалымы
А) Р.Даве.
Ә) А.Леонтьев.
Б) А.Шиллер.
В) Э.Кант
Г) Р.Штенберг.
2. Инновация ілімінде процестің кезеңділігін, оның басы мен аяғының біртұтастығын білдіретін қандай ұғымы қолданылады.
А) «өмірлік цикл»
Ә) «өмірлік жүйе»
Б) «өмірлік жоба»
В) «өмірлік кезең»
Г) «өмірлік бағдар»
3 – инновациялық өзгерістерді әзірлеп, жүзеге асыратын және бірегей кешенді тұтастығы бар сабақтас фазалардан тұрады.
А) инновациялық аспект
Ә) инновациялық процесс
Б) инновациялық құбылыс
В) инновациялық өзгеріс
Г) инновациялық жоба
4. Инновация – ұжым жұмысына белгілі бір өзгерістер ала келетін әлдебір жаңалықты енгізу ..... .
А) процесі
Ә) құбылысы
Б) жүйесі
В) қайнар көзі
Г) ядросы
5. Даналап көбейту, жаңалықты басқа объектілерде кезекпе-кезек қайталау деген инновацияның бір бөлімдік кезеңі.
А) диффузия.
Ә) үйреншікті құбылымға айналу
Б) игеру
В) туындау
Г) өмірлік цикл