3
Таным табиғатында
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,
Аймақтық менеджмент
академиясының профессоры,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.
Тараз қаласы.
ЕУРОЦЕНТРИЗМ
ӘДІСНАМАСЫНЫҢ
КҮЙРЕУІ
Қытайдың айырым тарихшылары өз еңбектерінде
қытай ұлтынан өзге ұлттарды кемсітіп көрсетуі, олардағы
әлемдік өркениет талаптарына жауап бере алатын кейбір
әдебиеттегі, мәдениеттегі жетістіктерді мойындамауы
қуатты ірі мемлекеттің ішкі саясатына байланысты фактор
деп ойлауға еріксіз мәжбүрлейді.
Еуроцентристік ағымның адамзат тарихына теріс ықпал
ететін идеологиялық, кертартпалық әсері бар екенін көп-
теген ғалымдардың мойындап отырғаны – шындық.
Белгілі ғалым Советхан Ғаббасов еуроцентризм
әдіснамасының шындыққа жанаспайтын тұстарын
әшкерелейді. «Еуроцентризм әдіснамасында – ең әуелі,
адамзат тарихының ақиқаты мен тағылымдық шындығы
жоқ. Оның ең үлкен дәлелі ретінде адамзат тарихының
бұрмалануын (фальсификациялануын) айтуға болады...»
деп жазады. Бұл әдіснаманың Шығысында Қытайға,
Батысында Римге, түстігінде Египет пен Үндіге теңдессіз
әсер ететін Тұран елінің тарихы туралы жұмған ауызын
ашпайтынын атап көрсетеді. Советхан Ғаббасов былай
6
жазған десек, «Аспан асты елі» деп кейбір журналистер
аспандата мақтап жүрген көршіміз Қытайдың ғалымдары
европалықтардан қалыспай жарыса жазған екен ғой...» деп
біздің арғы бабаларымыз туралы тарихи ақиқатты айта
алмағанына таңқалдық.
Вын-ди деген қытай патшасының жарлығында түркілер
туралы былай деп жазған:
«...Жауыз түріктер болса осы
Достарыңызбен бөлісу: