«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


сенің ұлыңмын», «Соғыстан соң туғандар», «Перзент парызы» атты өлеңдер



Pdf көрінісі
бет68/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   133
сенің ұлыңмын», «Соғыстан соң туғандар», «Перзент парызы» атты өлеңдер 
жинағы оқырманды жігерлі үнімен, ашық та таза сезімімен елең еткізді 

Ақынның шығармашылық келбетін даралай түсетін басты тақырып – туған дала. 
Дала қай ақынды болмасын толғантқан арналы тақырып. Кезінде Ілияс 
Жансүгіровтің далаға арнаған эпикалық кең тынысты туындысы өзге ақын 
шығармаларынан да дәстүр жалғастығын тауып жатты. 1975 жылы «Дала, сенің 
ұлыңмын» деген атпен жарияланған кітабына ақын дала туралы перзенттік 
сүйіспеншілікке толы өлеңдер топтамасын енгізген, «Туған дала» деп басталатын 
бұл туындыларында ақын қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Ақын 
туған өлкесінің тарихын зерделеп, оның алдындағы перзенттік парызын, 
жауапкершілігін терең сезінеді. Ақындық жолының басты шығармашылық 
нысанасына айналатынын ашық айтады сезіндіреді. Дала – поэтикалық образ. 
Ақын дала дегенде, ең алдымен, туған халқын, оның жомарт мінезі мен 
батырлығын, әр алуан психологиясын ұғынады.
1970-жылдары қазақ поэзиясына 
өзіндік үн, ерекшелігімен келген ақындардың қатарында Жарасқан Әбдірашев есімі ерекше 
аталары хақ. Ақын лирикасына тән ерекшелік асқақ пафос, өр екпін, шешендік 
толғамдар.Жарасқан Әбдірашев шығармашылығы туралы әдебиет зерттеушілері мен 
сыншылары тарапынан пікірлер айтылып келеді. Әдебиетші ғалым, профессор Б. 
Майтанов: «Қазақ поэзиясына ХХ ғасырдың 70-жылдарына қарай еркіндей басып, еркелей 
келген дарынды жас Жарасқан Әбдірашев болатын» дей келе, ақын поэзиясының 
көркемдігі мен тілі, шеберлігі туралы ой қозғайды. Ақынның соңғы мұрасы – «Құлпытас 
немесе екі дүние: фәниден бақиға дейін...» атты жыр кітабы. Ұлттық поэзиямызға үлкен 
жаңалық болып қосылған бұл жинақтағы эпитафиялық өлеңдер Жарасқан қаламына тән 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет