Қыпшақ-половец тілдері
Армян-қыпшақ
Қарайым
Қарашай-балқар
Қырым татарлары тілі (барлық диалектілердің қыпшақ субстраты және қыпшақ диалектілері) – Қырым; Добруджы, Румыния; Түркия
Қырымшақ
Куман (половец, қыпшақ-половец)
Құмық
Татар (қыпшақ субстраты және татарлардың қыпшақ диалектілері)
Үрім (барлық диалектілердің қыпшақ субстраты, қыпшақ-половец және қыпшақ-оғыз диалектілерінің қыпшақ говоры)
Қыпшақ-ноғай тілдері
Қазақ
Қарақалпақ
Қырым татарлары (ноғай диалекті)
Ноғай
Өзбек тілінің қыпшақ диалектісі
Қырғыз-қыпшақ тілдері
Алтай
Қырғыз
Қыпшақ-бұлғар тілдері
Башқұрт
Татар (Поволжье, Астрахань, Сибирь, Казахстан)
Қыпшақ тобына жататын тілдердің басты ерекшеліктері мынадай:
Фонетикалық құрылымында:
Сегіз-тоғыз дауыстының болуы, олардың ішінде ы, и, і (у, ұ, ү) қысаң дауыстыларының өзіндік нақышы болады;
ағ > ау, ег > ий, үг > үй т.б. дауысты мен дауыссыздың ежелден белгілі тіркестеріне сәйкестіктің болуы, мысалы: тағ > тау «тау», тег – > тий- «тию, жанасу», ү(ө)грен – > үйрен – «үйрену» т.б.;
Түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тілдеріне сөз соңындағы дауыссыздың түсіп қалуы тән. Мысалы, оғыз және қыпшақ тілдеріндегі лексемаларды салыстырыңыз: сулук-сулу – (сұлу) чистый, красивый; серук-серу – тоқыма станогі; табак-таба – (жайпақ/жалпақ табақ); бураук-бурау – (бұраушы/бұрғы), бурав; тipiк-тipi – (тірі).
Сондай-ақ, қыпшақ тілдері морфологиясы мен лексикасына тән кейбір ерекше белгілері бар. Олар оғыз және қарлұқ тілдерінің белгілерімен қарама-қарсы қойылады.
Қыпшақ тілдерінің ноғай, қарақалпақ және қазақ тілдері сияқты тірі тілдерден тұратын қыпшақ-ноғай топшасы Алтын орда мемлекетінің ыдыраған тұсында (дәуірінде) қалыптасты және өзге тілдердің дамуымен байланысты болды.
Қыпшақ-ноғай тілдері Орта Азия мен Еділ бойында таралған.
Қыпшақ-ноғай тілдері топшасы тарихи тұрғыдан біршама көнелеу болып саналатын қыпшақ-бұлғар және қыпшақ-половец топшаларынан мынадай белгілері бойынша ажыратылады:
Достарыңызбен бөлісу: |