Армян-қыпшақ тілінің ерекшеліктері:
Фонетикасы бойынша – 9 дауысты (а, ä, е, ы, и, о, ө, у, ү);
Қ/қ дыбысының х-мен айтылуы (хар «қар», айах «аяқ»);
Сөз басында қатаң дауыссыздың қолданылуы (таш «тас», кел- «келу»);
Нъ/ң дыбысының сақталуы (минъ «мың», сенинъ «сенің»);
Аффикс қызметіндегі к, г дыбыстарының шұғыл сипатының сақталуы (хайтмага «қайту/қайтпаққа», бермäгä «беру/бермекке», сатмахка «сатуға/сатпаққа», төлäмäхкä «төлеуге/төлемекке»);
Ч, ш дыбыстарының және аффикс басындағы л дыбысының сақталуы (хачлар «кресттер», ишлäр «істер»);
Дауыстылардың ерін үндестігі және буын (палатальді) үндестігі;
Морфологиясы бойынша – барыс септігінің тұлғалары -ка, -кä, -га, -гä;
есімдіктердің барыс септігі формасы манъа «маған», санъа «саған», анъар «оған»;
инфинитивтің -мага, -мäгä, -ма, -мä формаларымен берілуі;
-ган, -гäн формаларымен келетін етістік атаулары;
қалау райдың -гай, -гäй тұлғаларының қолданылуы;
осы шақ мәнінің -ыйыр, -ийир формалары арқылы берілуі;
көсемшенің –гынча, -гинчä, -мынча, -минчä, -гачох, -гäчох тұлғаларымен берілуі;
Лексикасы бойынша – шіркеуге қатысты (діни сипаттағы) арменизмдер,
Негізінен, аударма мәтіндерде кездесетін иранизмдер мен арабизмдер;
украин, поляк, латын кірме сөздері.
Грамматикалық жүйесі славян тілдерінің зор ықпалына ұшырап өзгеріске түскен.
Жазуы армян жазуы:
болоргир – «дөңгелек/круглое/» жазу, мұнда дөңгелек формалы бас әріптер мен көлбеу бағыттағы кіші әріптер көлденең, вертикаль бағыттағы элементтермен бірге қолданылған;
сонымен бірге, көлбеу бағытта жылдам жазылатын нотргир жазуы, онда дөңгелектелген (жұмырланған) элементтер пайдаланылған.
Қарайым тілі
Қарайым тілі (қарай, қарай – караим, караит) – түркі тілдері қыпшақ тобының қыпшақ-половец топшасына жатады. Жалпы саны 3,5 мыңға жуық адам сөйлейді. Украинада – Львов облысындағы Галичте және Қырымда (Бахшасарай, Симферополь), Литвада (Вильнюс, Паневижис, Тракай) және Польшада тұрады.
Генетикалық тұрғыдан, түркітілді хазарлардың караит мәнді иудаизмді ұстанған бөлігімен байланысы бар деп саналады.
Қарайым тілінің үш диалектісі бар: қырым, қырым татарлары тілінің орта (орта йолақ) диалектімен толықтай сәйкеседі (төменде), тек иудаизмдер ғана мұнда қолданылмайды, тракай (литва қарайымдарының диалекті) және галич диалекті.
Тракай және галич диалектілерінің арасындағы айырмашылықтар:
фонетикасы бойынша – ө/э, ү/и, ‘ä/е, ш/с, ж/з, ч/ц, дж/дз, эй/ай, нъл/лл, й/н(<нъ) сәйкестіктері, ауслаутта х/к(<қ): өп‑/эп‑ «өбу, сүю», кельгяньляр/кельгенлер «олар келді/келгендер», баш/бас «бас», тережя/терезе «терезе», ач/ац «аш (қарны аш)», джан/дзан «жан», бармах/бармак «бармақ/саусақ», булэй/булай «былай/бұлай», энъли/элли «елу», майа/манъа «маған»;
и, е дыбыстарының алдында келетін т’/к: тис/кис «тіс», келди/келги «келді»;
морфологиясы бойынша – жіктік жалғауы мен тәуелдік жалғаулары әртүрлі формаларда қолданылады: ‑мын, ‑мин / ‑мен, ‑м; ‑сын, ‑син / ‑сен, ‑с; ‑й / ‑н; ‑йыз, ‑йиз, ‑йуз, ‑йүз / ‑ныз, ‑низ, ‑нуз, ‑нүз;
екі диалектіде де есімше –адоғон тұлғасында жұмсалады: барадоғон «бара жатқан»;
Достарыңызбен бөлісу: |