«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы


Қрымчақ тілінің фонетикасындағы айрықша белгілері



бет36/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
annotation123142

Қрымчақ тілінің фонетикасындағы айрықша белгілері:

Алдыңғы қатарлы дауысты и дыбысының ерекше күшті редукциясы, ол әлсіз позицияда жазуда ы әрпімен таңбаланады: быр «бір», сыз «сіз», кытийим «кетейін», кыбык «қалай»;

Сөз соңындағы қ спирантизациясы (күшейтіле айтылуы): бойдах «бойдақ», қартлых «қарттық»;

Оғыз тілінен енген сөз басындағы в: вер «бер», вар «бар», вар- «бар/бару»;

Көмекші етістіктің оғыз формасы ол‑ «бол/болу»;

Сөз басындағы т дыбысының ч-ға алмасуы: чыш «тіс», чүш «түс», чүшмек «түсу/құлау»;



Ө, ү дыбыстарының сөздің басқы буындарында (депалатализация) жуандап айтылуы: ач копеклер «аш төбеттер/иттер», мен ишчы дугульым «мен жұмысшы емеспін».

Морфология саласында қырым татарлары тілінің орта диалектісімен сәйкеседі.

Арнаулы лексика: қысреге «шынайы/шындыққа жанасымды/правдивый», бутперест «бұтқа табынушы/идолопоклонник», чешни «дәм/вкус», русфай «жаман/нашар/зұлым/скверный», опранмах «қиналу/азаптану/страдать», қыбар «ұяң/ұялшақ/застенчивый», мефе «пайда», авода «қызмет/служба», амиле «жүкті/ауыр аяқ (әйел)/беременная», акибат «үміт/надежда», хора «құдай/жаратушы/всевышний, бог», зофра «запыран/желчь», д’иба «жібек/шелк», халт «ақымақтық/глупость», арын «жай/қарапайым/просто», могеджет «құдірет/керемет/чудо», бехсун «көңілсіз/грустный», эйран ол- «ғашық болу/влюбляться», исфат «ант/клятва» и т. п.

Қарайымдар маджмуа деп атайтын қолжазба жинақтарын қрымчақтар джонк (қырым татарлары тілінде джонк «альбом») деп атайды.
Куман (половец, қыпшақ-половец, татар) тілі

Куман (coman, татарча, қыпчақ) – қыпшақ-куман-половец-татар деп аталатын тайпалары Алтай, Қырғызстан, Қазақстан, Әмудария және Сырдария далалары (долина), Еділ бойы, Орал, Еділ және Дон өзендерінің аралықтарын, Азау теңізі жағалауын, Кубань, Кавказ және Қара теңіздің Солтүстік жағалауын, Қырымды қоса алғанда, бір сөзбен айтқанда, XI-XIV ғғ. Алтайдан Дунайға дейін созылып жатқан ұлы Қыпшақ даласын мекендеген тайпалардың үлкен этникалық бірлестігінің (Дешті Қыпшақ), сондай-ақ, Болгария, Венгрия, Румыния жерінде және Мәмлүк Египетінде (Мысырда) өмір сүрген қыпшақ тайпаларының тілі.

Қыпшақ-половец қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-ноғай және қыпшақ-қырғыз тілдерінің қыпшақ негізін құраған.

Куман, коман атаулары шет тілдерден енген деп саналады, алайда оның негізінде түркі этнонимі жатуы әбден мүмкін.

Ежелгі орыс жылнамаларында куман тілін ұстанушылар XI–XIII ғғ. басында половецтер, половчин (бір адамға қатысты) деп аталса, ал монғол-татар шапқыншылығынан кейін татар тілі деп те атала бастады.

Куман-қыпшақ-половец тілі ежелгі орыс, грек, венгер, араб және парсы тілдерінің жазба ескерткіштерінде лексикалық кірме сөздер түрінде кездессе, Махмұд Қашқаридің «Диуану луғат-ит-түрк» атты сөздігінде (1072-1074 жж.), Алтын Орда мен Мәмлүк Египетінде жазылған ескерткіштерде оғыз-қыпшақ аралас тілінің деректері түрінде қатталған.

Куман тілінің ортағасырлық тікелей жалғасы/мұрагері армян-қыпшақ тілі болып табылады деп санайды А.Гаркавец. Ол XVI-XVII ғасырлар ескерткіштерінде көрініс тапқан және оны ұстанушылар қыпшақ тілі дейді, алайда көбіне татар тілі деп те айтылады.

Куман-қыпшақ-половец тілі XIII-XIV ғғ. қолжазба түріндегі жинағында («Alfabetum Persicum, Соmaniсum еt Latinum Anonymi scriptum Anno 1303. Diе 11 Julii») барынша толық бейнеленген. Бұл қолжазбаны 1362 жылы Италия Қайта өрлеу дәуірінің атақты ақыны Франческо Петрарка Венеция кітапханасына тарту еткен. Қазіргі кезде Венециядағы Әулие Марк шіркеуінде сақтаулы: Biblioteca Divi Marci - Biblioteca ad templum Divi Marci Venetiarum, Venezia, Cod. Marc. Lat. DXLIX (549/1597).

Ғылым әлемінде бұл қолжазба «Codex Cumanicus» («Кодекс Куманикус») деген атаумен белгілі. Бұл атауды ескерткішке алғаш венгер ғалымы Геза Куун (Kuun, 1880) берген болатын.

Кодекс екі бөлімнен тұрады: итальян (лл. 1-55 об.) және неміс (лл. 56-82 об.) тілдеріндегі бөліктер. Онда латынша-парсыша-куманша, куманша-немісше және немісше-куманша сөздіктер, куман парадигмалары, жұмбақтар, прозалық және поэзиялық христиан мәтіндері (аңыздар, дұғалар, гимндер), оның ішінде ноталар да бар. Қолжазба көлемі – 82 парақ (164 бет), оның 7 беті таза. Бұлардан бөлек, 6 қосарлы парақтың екінші жартысы жоқ (парақтардың жартысы қиылып алынған).

Ескерткішті Геза Куун (Kuun, 1880 – транслитерациясы, транскрипциясы, көрсеткіштер), Владимир Радлов (Radlof, 1887 – лексикасы), Кааре Грёнбек (1936 – fascimile; 1942 – лексикасы), Владимир Дримба (1973 – мәтіндері) т.б. жариялаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет