Ерекшеліктері: фонетикасы бойынша – сөз басында ұяң г дыбысының жұмсалуы: гиши «кісі»;
сөз (сын есім) соңында қ/к қатаң дыбысының сақталуы: ташлық «тасты жер // тастақ»;
ассимилятивтік өзгерістер лд>лл, нл>лл, нд>нн, мд>мн, зс>сс: атыллы «атылды», замаллар «замандар», сенне «сенде», бурнумна «мұрнымда», йасса «(егер ол) жазса» (мысалы, қырым татарлары тілімен салыстырыңыз: атылды, заманлар, сенде, бурнымда, йазса);
Ілік септік жалғауының ықшамдалған нұсқада келуі: атны «аттың» < атнынъ, гөзнү «көздің» < гөзнүнъ;
Морфологиясында – тәуелдіктің 2 жақ, көпше түрі аффиксі ‑ғыз / ‑гиз / ‑ғуз / ‑гүз (анағыз «аналарыңыз»);
етістіктен жасалған сын есім тұлғасы ‑ма / ‑ме: йазма «жазба (жұмыс)»;
келер шақтың –р тұлғасымен келуі: барар «барар», гөрүр «көрер»;
міндетті (түрде болатын іс-әрекет) келер шақ тұлғасы ‑ажақ / ‑ежек: баражақ «баражақ/барады», кележек «кележек/келеді»;
қалау және бұйрық райлардың параллель формалары: йазғын / йазғыр «жазғың; жазғыр (написать бы тебе)»;
‑мақ / ‑мек, ‑ма / ‑ме, ‑маға / ‑меге тұлғалы етістік-есім параллель формаларының қимыл атауы (инфинитив-супин) қызметінде жұмсалуы: айтмақ / айтмаға / айтма «айтпақ / айту (чтобы) сказать»;
етістіктің (етістік-есім / глагольные имена) ‑аған және ‑ған тұлғаларының шақ мәнінде бір-біріне қарама-қарсы қойылуы: йүрүйген «жүретін/ходящий», йүрүген «келген/пришедший»;
терминативті көсемшелер: айтғанлы «ол айтқалы (бері)», эшитгинче «ол естігенше / пока он услышит»;
Достарыңызбен бөлісу: |