«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы



бет39/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
annotation123142

синтаксисінде – құрмалас сөйлемдердің аналитизацияға бейімдігі (үрдісі);

лексикасында – көршілес – даргин, авар, лак тілдерінен ауысып келген кірме сөздердің кездесуі.

Диалектілері: хасавюрт, буйнақ, қайтақ (хайдақ), тау (подгорный) және тер диалектері.

Ерекшеліктер арасында қайтақ және тау диалектілерінде дауысты дыбыстар (буын) үндестігінің (бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке емес) бұзылуы (алтмиш «алпыс», бермах «беру/бермек», жиймах «жию/жимақ»);

Қайтақ диалектісінде даргин кірме сөздерінде ғана емес, нақ түркі сөздерінің өзінде жуысыңқы ... – көмей (смычно-гортанные) дыбыстардың жұмсалуы: қ’анц «сірке суы /уксус», ч’анқа «метис», жақ’а «шошқа/доңыз», т’оймақ «тою/тоймақ»;

Қайтақ диалектісінде нәтижелі өткен шақтың –п тұлғасы және соның негізінде жасалатын бұрынғы өткен шақ (йативидим «жаты-п/р едім (я лежал было») ‑ған және өзге диалектілерде одан жасалатын өзге формалардың орнына жұмсалады.

Дәстүрлі жазуы араб әліпбиіне негізделген, 1929-1938 жж. – латын, одан кейін орыс алфавиті қолданылады.

Құмық әдеби тілі халықтық-поэтикалық дәстүр («Ашик Гариб», «Көроғлы» эпостары т.б.) мен батыс түркі(лік) / тюрки аралас әдеби тілі негізінде қалыптасқан. Қазіргі әдеби тілдің негізін салушылар – Ирчи Қазақ (1830-1880), Нухай Батыр-Мурзаев (1860-1919), Зейналабид Батыр-Мурзаев (1897-1919).

Құмық тілін ғылыми негізде зерттеушілер А.А.Шифнер, К.Г.Залеман, Ю.Немет, Б.Чобанзаде, Н.К.Дмитриев және құмық ғалымдары мен ағартушылары А.Акаев, А.А.Сатыбалов, М.Османов т.б.
Үрім (урум) тілі

Үрім тілі деген атау түркі тілді гректердің генетикалық және типологиялық жағынан әртүрлі деп саналатын екі говорлар тобына тән.

Қырымнан Азау теңізінің солтүстік жағалауына көшкен алғашқы қоныс аударушылар 1778-1779 жж. Румейлермен (эллин тілді гректер), түркі тілді волохтармен (молдавандар) және грузиндермен бірге мариуполь гректерінің қатарына жатады. Кейінгі қоныс аударушылар Түркиядан Кавказға және Кавказ маңына (Прикавказье) XVIII-XIX ғғ. көшкен және трабзон (трапезунд) гректері деп те аталады, адам саны 30 мыңға жуық.

Екінші топтың тілі – триалет үрімдерінің тілі түрік тілінен фонетикалық, лексикалық және грамматикалық субстратымен ерекшеленеді және оғыз тілі болып табылады (сондықтан оған арнайы тоқталмаймыз).

Үрім тілі Донецк облысының 29 үрім селосында, Запорож облысының 1 селосында және Мариуполь қаласында қолданылады.

Азау маңында тұратын үрім тілін ұстанушылар саны шамамен 60 мыңға жуық адамды құрайды.

 Қырымнан шыққан үрімдер тілінің негізі қыпшақ-половец тілі болып табылады, алайда оның әртүрлі говорлары, жергілікті татар, қарайым және қырымчақ говорлары сияқты, ғасырлар бойы әртүрлі дәрежеде оғыз-түрік және ноғай тілдерінің ықпалына ұшыраған, бұл олардың қазіргі аралас түрдегі сипатынан байқалады. Егер грек субстратынан бас тартса, Азау теңізінің солтүстік жағалауындағы үрім говорлары (Северное Приазовье) диалектілік белгілері жағынан қырым татарлары говорларының бет-бедерін қайталар еді. Үрімдер сол жерлерден 225 жылдай уақыт бұрын күштеп қоныс аударылған болатын.

Азау теңізінің солтүстік жағалауындағы үрім говорлары 4 диалектіге бөлінеді: қыпшақ-половец (Великая Новоселка – Ени-Сала, Старобешево және Першотравневое – Мангуш), қыпшақ-оғыз (Старомлиновка – Керменчик, Богатырь, Улаклы), оғыз-қыпшақ (Гранитное – Карань, Староласпа және Комар – Камара, Старогнатовка – Гурджи) және оғыз (Старый Крым және Мариуполь). Бұлардың бәрін ортақ грек субстраты біріктіреді, оның шеңберінде Қырымның тағы да 5 түрлі субстраттық жаңа грек диалектісін бөліп көрсетуге болады. Жалпылай айтқанда, үрім тілінің ең айқын белгілері мыналар: фонетикада – е, и (алдыңғы қатарлы) дыбыстарының алдында, кейде ө, ү дыбыстарының алдында да к > ħ > т´ > ч > й > ø и г > ђ > д´ > дж > й > ø алмасуларының келуі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет