«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы


іс – иш, кісі – киши, таста – ташла, жас – ëш, сондай – шундай



бет51/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
annotation123142

іс – иш, кісі – киши, таста – ташла, жас – ëш, сондай – шундай т.б.

қазақ: бас, қарақалпақ: бас, өзбек: бош, түрікмен: баш, ұйғыр: баш;

қазақ: қас, қарақалпақ: қас, өзбек: қош, түрікмен: гаш, ұйғыр: қаш;

қазақ: құс, қарақалпақ: кус, өзбек: куш, түрікмен: гуш, ұйғыр: қуш;

қазақ: жасыл, қарақалпақ: жасыл, өзбек: яшил, түрікмен: яшыл, ұйғыр: йешил;

Қазақ тілін қырғыз тілімен салыстырсақ, с орнына ш, ал ш орнына ч дыбысы қолданылатынын көреміз: есік – эшик, тесік – тешик, тас – таш, шебер – чебер, шаң – чаң, шөп – чөп, ошақ – очок, қашқач т.б.

қазақ: қаш, қарақалпақ: қаш, өзбек: қоч, түрікмен: ғач, ұйғыр: қач;

Қыпшақ тобына жататын қазақ және қарақалпақ тілдеріне тән сөздердің ықшамдалуға бейімдігі қарлұқ (өзбек, ұйғыр) және оғыз (түрікмен) тілдерінде кездеспейді. Мысалы: қазақ: ұл, қарақалпақ: ул, өзбек: уғил, ұйғыр: оғул, түрікмен: огул;



Қазақ тілінің морфологиясында мынадай ерекшеліктер байқалады:

* – ‑қ/-у сөзжасам тұлғаларының параллель жұмсалуы сұрау/сұрақ;

* ғылықты/–гiлiктi формасымен есімнен жасалатын сын есім (тұрғылықты, тыңғылықты, жергiлiктi);

* әлде элементімен келетін белгісіздік есімдіктері (әлдекiм «біреу, белгісіз біреу», әлденеше «бірнеше»);

* ‑у тұлғалы қимыл атауы (бару, келу);

* инфинитив ‑уға, ‑уге (баруға «бару», келуге «келу») (бару керек, келу керек);

* ‑а, ‑е, ‑й, ‑п көсемшелері мен олардың негізінде жасалатын перифрастикалық аналитикалық етістікті тіркестердің өнімді қолданылуы (қызара бастады, көрiп шық, қарап жүр);

* қалау райдың аналитикалық формасы (барғым келедi, бергiң келдi);

* -а‑тын < ‑а тұғын < ‑а тұрған аналитикалық есімше формасы негізінде жасалған (бұрынғы) дағдылы өткен шақ (айтатынмын);

* ‑а‑ды / ‑а‑д тұлғалы осы шақ (тұрады / тұрад (турат));

* -ыңқыра / -іңкіре тұлғалы етістіктер (барыңқыра / бара түс, кіріңкіре / кіре түс, жүріңкіре / жүре түс, жүрісіңді үдет);

* Сан есімдердің барлығына бірдей топтау жұрнақтарының жалғанбауы, яғни бірден жетіге дейінгі сандар ғана –ау/-еу қосымшаларын қабылдайтындығы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу;

* Сын есімдерден етістік жасалғанда, белгілі бір лексика-семантикалық топқа жататын сөздерге жалғанатын жұрнақтардың бірыңғай еместігі. Мысалы, түр-түс атауларына етістік жасайтын қосымшалар жалғанғанда бірде –ар/-ер, бірде –ай/-ей нұсқалары қолданылады: ақ+ар=ағар, қызыл+ар=қызар, көк+ер=көгер, сары/сарығ+ай=сарғай, қара+ай=қарай, сұр+лан=сұрлан т.б.

* Зат есімнен жасалған етістіктің бірнеше компоненттен тұратын күрделі формаларының қабаттаса қолданылуы. Мысалы, өтініштері қанағат-тан-дыр-ыл-ма-ған-дық-тан;



* Етістіктің бірнеше сөзден тұратын аналитикалық формасының жұмсалуы: сүрініп кете жаздап барып тіктелді;

Синтаксисінде – құрамында өз бастауышы бар есімшелі, көсемшелі оралымды бағыныңқы сөйлемі бар құрмалас сөйлемдердің көптеп жұмсалуы;

Лексикасында – қазақ тіліне әртүрлі тілдер арқылы еніп, әртүрлі фонетикалық пішінде қалыптасып орныққан араб-парсы сөздері: уәкiл «уәкілдік берілген (адам немесе орган)» – өкiл «өкіл, сенімді тұлға», ауа – әуе, әзiр «дайын; әлі» – қазiр; архаикалық монғолизмдер – батыр, жасақ «қол», дулыға, нөкер «әскер, шабарман, қызметші», ноқай “надан”; орыс сөздері – болыс «волостной», уез «уезд», пеш «печь», жандарал «генерал», майыр «майор», поез «поезд».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет