Морфологиясында – жатыс септік тұлғасының жоғалуы (мүлдем түсіп қалуы) және синкретті қимыл (етістік) атауларының есімше, көсемше, финитті етістік және етістіктен жасалған зат есімдерге (синтаксистің жалпы аналитизациясының аясында) айналуы.
Үрім халықтық-поэтикалық шығармалары үрім тілі мен батыс хун бұтағының өзге тілдері арасында терең тарихи байланыс бар екенін көрсетеді. Мұны орта ғасырлардан жеткен масалдар Аших Гариб туралы, Арзу және Гамбер, Тахир мен Зоре (Зухра), Қозы Көрпеш, Махмерем мен Хуршутбег, Көроғлы жайындағы дастандар дәлелдей түседі.
Үрім ән дәстүрінің дамуына ортағасырлық Қырымда кеңінен таралған осман поэтикалық дәстүрі өте күшті ықпал етті.
Ескі үрім (Старая урумская письменность) жазуы (христиан мәтіндерінің аудармалары, грек тіліне қатысты оқу құралдары, хаттар (переписка) грек жазуының негізінде жасалса, жаңа жазу (пьесалар қолжазбалары, әндер жинақтары, жеке адамдардың хаттары) – кириллица негізінде жазылған. Қазіргі үрім әліпбиі де кириллицаға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |