1.
Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
2.
Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру.
3.
Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі – сызбалар, сұлбалар, кестелер, т.б. негізінде)
4.
Ӛзара сӛйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызыметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызымет нәтежиесін әр сабақта
бағалап отыру.
5.
Жалпы тақырыпқа, тарауға («ӛсу» бағытымен) 4 – 7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып – үйрену.
6.
Тұтас тақырып бойынша тестілеу.
7.
Тақырып бойынша қалыпты сынақ ( ӛзіндік жұмыс,
бақылау жұмысы, т.б.)
Оқу модулін құрудың тағы біререкшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі.Ал педагогикалық процесс барысында ол фасилитатор,
кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады.Мұғалім бір оқу модуліне бӛлінетін сағат санын анықтап
алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтежиелерін, сондай – ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып,
оқу модулін құрады.
Мұғалімнің алдын ала жұмысы тӛмендегідей әрекет – қадамдардан тұрады:
1.
Қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілу тиіс деп кӛрсетілген
мақсаттар мен міндеттерді
айқындау.
2.
Қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып зерттеу.
3.
Қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны беретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін
рельефтік (код сияқты) сӛздерді табу.Олардың ӛзара байланысы мен ӛзара бағыныштылығын анықтау.
4.
Қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде)
5.
Қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15- 20 тапсырма шамасында) .
6.
Қадам: Берілген модульдегі оқу материалды тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар
мен тапсырмалар блогын
құрастыру ( оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты сынақты алмастыруға болады)
7.
Қадам: Сӛйлесу бӛлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау.Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға
арнап күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және ізденушілік (зерттеушілік)элементтері бар аса күрделі
дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.
Модульдік оқыту технологиясында оқушылардың оқу қызыметінің нәтежиелерін бағалаудың, ӛзін – ӛзі және бірін – бірі бағалаудың
мәні зор.Оқушылар білімін бағалау баллдық жүйемен жүреді, онда әрбір оқушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсырма
беріледі.Олар шартты белгілермен кӛрсетіледі.
Баға – бейне бір белгі және сонымен қатар ӛлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.Оқу
жұмысының барысына, оның формасы мен мазмұнына, оқушы жауаптарының жылдамдығы мен нақтылығын мұғалімнің жекелеген бағалау
– мағыналы сӛздері ( парционалдық бағалар) ықпал етеді.
Ӛзін – ӛзі бағалау да адамның ӛзін –ӛзі жүйелеп, ісін ретке келтіру құралы болып табылады және ӛз нәтежиесіне сын кӛзбен қарауын,
оқудағы ӛз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады.
Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда бірін – бірі бағалау әдісін қолдануға болады. [1, 65 бб.]
Сонымен талқылауға ұсынылып отырған бұл технология:
Оқушы тұлғасының
танымдық қабілеттерін дамытуға;
Таным процестерін дамытуға;
Белсенді сӛздік қорын, аузызша және жазбаша тілін дамытуға;
Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым – қатынас, ойын,
танымдық, қауіпсіздік, сыйласу ,
шығармашылық, ӛзін – ӛзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға әсер ететіні сӛзсіз.
Тӛменде кӛрсетілген кестеден модульдік оқыту технологиясының оқушы тұлғасына және оны дамытуға ықпалын байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: