6.
Қосымша жұмыстарды орындауға (кӛрнекті құралдарды дайындау, дидактикалық ойындарға қатысу).
7.
Сынақ.
Қорыта
келгенде, сабақтың қызықты, сапалы ӛтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым
Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген ӛткен ғасырда айтылған сӛздері ойға оралады.
Бір сабақтың әр
кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы кӛп нәтижеге жетуге болады.
3.1 Модульдік оқыту технологиясының білім жүйесінде қолданылуы және оның ерекшеліктері
3.1.1 Модульдік технологияның сабақтардағы тиімділігі
Әр мұғалім ӛзінің іс- тәжірбиесіне ықпалын тигізетін оқытудың тиімді технологиясын таңдап алуы керек.Сабақтың жаңаша үрдіспен
ӛткізу- оқушылардың
білім санасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады.
Модульді оқытудың негізгі мақсаты- оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы ауызекі сӛйлеуге үйрету, білім деңгейін
тереңдету және жазба тілін қалыптастыру.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
1.
Уақыт үнемделеді.
2.
Сабақтың сапасын кӛтереді.
3.
Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.
4.
Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі кӛтеріледі.
Модульдік оқыту технологиясын
енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада:
- Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру;
- Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру;
- Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету;
- Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу;
- Оқушының
білім деңгейін дәл анықтау;
Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану- мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын кӛтерудің факторы болып
табылады.
Модульдік оқытудың сӛйлесу бӛлімінде оқушылар кӛбінесе топтарға бӛлініп,ӛтілген материалды қайта жаңғыртып,
терминдерді,
негізгі ұғым-ережелерді біледі [3, 102бб.].
Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану ӛте тиімді. Ӛйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық
тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.Қазір арнайы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре
түсу – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сол себепті білім жүйесінде кӛптеген жаңа технологиялар қолданылып жүр. Оқушыларды еңбекке,
шығармашылық пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін дизайн мамандығына осы жаңа технологиялардың бірі — модульдік оқыту
технологиясын қолдануға болады. [4, 88 бб.]
Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім кӛп сӛйлегеннен гӛрі, баланы кӛбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы
бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр
жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.Қазіргі таңда оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ӛмірге
қажетті ӛз болашағына азық болатын тәрбие беру де қолға алынуда.
Достарыңызбен бөлісу: