Қорытынды бӛлім(бақылау)
Кіріспе бөлімінде
мұғалім оқушыларды оқумодулінің жалпы құрлымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады.Бұдан соң
мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10–12 минут ішінде) сызба, кесте, т.б. белгілік үлгілерге
сүйене отырып түсіндіреді.
Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «ӛсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік
тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызымет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралып отыру әр
оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, ӛз
қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға
мүмкіндік береді.
Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:
кіріспе –қызықтырушылық
опериационалдық-танымдық
рефлексиялық-бағалау
Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат оның
мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері кӛрсетілуі керек. Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға
түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде кӛрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірек.Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда
оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Сөйлесу (әңгімелесу)
бӛлімінде танымдық процесс негізінен, сыныпты 2 – 6 адамнан шағын топтарға бӛлу
арқылы оқушылардың
ӛзара белсенді әрекет етуіне сәйкестендіріп құрылады.
Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді сабақ формаларын (топтық, топтық – жеке және жұппен жұмыс,
диспуттар, пікірталастар т.б.) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады.Сӛйлесу бӛлімінде алғашында оқу материалын қайта
жаңғырту және бағалау мақсатында, кейіннен –
алынған білімді талдау, бекіту және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары
қолданылады. 3, 4 – ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.
ІІІ – деңгей білім – стандарттарының талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар («жеңілдетілген»
стандарт), ІІ – ші деңгей – стандарт талаптарына сай алған білімдерін талдау мен қолдану деңгейіндегі тапсырмалар («стандартты»), І – ші
деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне – интелектуалды және креативті дарынды балаларға арналған шығармашылық пен
ізденушілік сипаттағы тапсырмалар («стандарттан жоғары»).
Оқушылар кез – келген деңгейдегі тапсырмаларды ӛздері таңдайды.
Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең – кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы ӛзінің орындай алу
шамасына қарай таңдауға ерікті.Жеңілдетілген деңгейі тӛмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына кӛшуге мүмкіндік
береді.Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінен – ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге кӛмекші бола алады.Олар
– кеңесшілер, жүргізушілер, т.б. рольдерді атқара алады.
Сӛйлесу бӛлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы ӛзінің қалай
және немен шұғылдану тиіс, сабақ
барысында не істеуі керек екенін біледі, ӛйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе
оның құрлысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.
Оқу модулінің сӛйлесу бӛлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші — операциялық- танымдық
кезеңін іске асыру болып
табылады.Бұл бӛлімді қарастыру үшін Л.Фридманның тӛмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенейік:
1.
Бала жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі ретінде қаралады. Олар баланың қисынды
ойлауын,қабілеттерін кӛзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып
табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2.
Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түріең алдымен баланың қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет
мақсаттарындамытуға жағдай жасау.
3.
Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей ӛсуі жүргенде ғана білім дәрежесінің артылуына мүмкіндік болады.
4.
Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей
қатысуы керек, яғни басқару тұлғалыққабағытталған болуы тиіс.
5.
Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сӛйлесу білімін даярлағанда тәрбиеші оқу материалынның негізгі мазмұның бӛліп,құрастырады.Мұнда балалар оқу
материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бӛліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бӛліктерде қызқаша
сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.Пысықтауды қажет ететін материалды тәрбиеші үш күрделілік деңгейінде дайындайды.
Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының ӛзі шешеді. Бұның бір маңызы– күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы
тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын
орындаған балаға , яғни іс жүзінде бәріне де
беруге болады.Бұл бӛлімнің сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші балалардың ӛзара сӛйлесуін қамтамасыз етуге баса кӛңіл
аударады.Тәрбиешінің сӛйлесу бӛлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады.
1.
Модульдің сӛйлесу бӛліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу.
2.
Оқу материалын біртұтас, жинақы, «ӛсу» бағытымен беру.
3.
Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар
дайындау.
4.
Осы бӛліктің сабақтарында ӛзара сӛйлесуді қамтамасыз ету.
5.
Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.
Оқу модулінің
Достарыңызбен бөлісу: