Тілді оқыту ұстанымдары – үйретуші іс - әрекетіс және үйренушілердің танымдық іс - әрекетінің
сипатын анықтайтын негізгі
қағидалар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде тарихи қалыптасқан және ғылыми негізделген, үйретуші мен үйренуші іс - әрекетін анықтайтын
бастапқы қағидалар бар.Мәселен: профессор Н.Оралбаеваның пайымдауынша, мынадай дидактикалық ұстанымдардың жеке түрлерін қазақ
тілін оқыту барысында басшылыққа алуға болады:
оқу материалын саналы меңгерту;
оқу материалының ғылымилығы;
дидактиканың жүйелік және жалғастық ұстанымы;
материалдың оқушының
қабылдауына сәйкестік ұстанымы;
жеңілден ауырға ұстанымы;
теория мен тәжірбиенің байланыстылығы
кӛрнекілік ұстанымы;
оқу мен тәрбие ісінің бірлігі.
Ұстанымдар қызыметіне қарай жалпы дидактикалық және арнаулы болып ажыратылады.
Қазақ тілін модульмен оқыту – жаңа әдістемелік жүйе.Сондықтан модульмен оқыту теориясы ӛзіне ғана тән ұстанымдар жүйесіне
негізделеді.Бұл қстанымдар жалпы дидактикалық ұстанымдармен тығыз байланысты.Жалпы «ұстаным» сӛзінің мағынасы (латынша prine –
pium – негізгі, бастапқы, орысша – принцип) кез келген іс - әрекетке сүйенетін негізгі ереже деп түсінеміз.Атап айтқанда, негізгі идея немесе
адамның іс - әрекетіне қойылатын негізгі талаптар.Бұл талаптар ғылымның белгілі заңдылықтарынан туады.Оқыту ұстанымдары
оқытуәрекетінің құрылымын жасауға оны тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.
Қазақ тілін модульмен оқыту ұстанымдары – тілдерді оқыту теориясының туындылары.Бұл – заңды құбылыс.Сонымен қатар ол
модуьмен оқытудың тек ӛзіне ғана тән ерекше заңдылықтарын да бейнелеуі қажет.
Қазақ тілін модульмен оқыту жүйесі компонеттердің ӛзара байланысы, әрекеттестігі және тәуелділігі ұстанымдарының ӛзара
байланысын анықтайды.Сондықтан да жеке ұстанымдардың жүйенің нақты компоненттерімен ара – қатынасқа түсуі белгілі дәрежеде
шартты.Кез келген ұстаным, тура немесе жанама болсын, әр компонентте бейнеленеді де, сол арқылы оның толық жүзеге асуына ықпал
етеді.
Модульмен оқыту –
білім беру, тілді оқытып үйрету саласындағы жана жүйе.Сондықтан жоғарыда аталған модульмен оқыту
ұстанымдары тізімін шектеулі, аяқталған деп айта аламыз.Ол әлі де дамып жетіледі.Соның негізінде жаңа идеялар, жаңа ұстанымдар пайда
болады.Қазіргі кез талабына сай модульмен оқытудың жалпы бағытын, оның мақсаты мен мазмұнын, тілді оқытып – үйрету әдістемесі
айқындайтын, негіздейтін жоғарыда атаған ұстанымдарға тоқталайық.
Модульмен оқыту ұстанымы белгілі әдістемелікережелер арқылы жүзеге асады.Атап айтқанда:
оқыту мазмұны құрылымдық бӛліктерге, яғни мақсатты оқу материалы,
әдістемелік нұсқау, бақылау – тексеру бӛліктерінен
тұратын бірлікке, модульге бӛлінеді;
модуль – дидактикалық жүйе, мұнда оқыту мазмұнынның әдісі, құралдары, формалалары және бақылау жүйесі біртұтас
динамикалық сипатқа ие.
оқыту мазмұны толығымен дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді.Жалпы дидактикалық мақсаттың жемістілігі –
модульмен оқыту бағдарламасының мазмұнына жеке мақсат – модуль мазмұнына, тӛл мақсат – оқу элементінің мазмұнына сәйкес.
Модульмен оқыту ұстанымы оқыту мазмұны бӛліктері аралығындағы байланыстардың ӛзара бағыну тәртібін шамалайды:оқу
элементтері модульді құрайды, модульдер модульмен оқыту бағдарламасын құрайды.Олай болса, айтылғандарды түгендей келе, модульге
келесідей анықтама беруге болады: модуль – модульмен оқытудың негізгі құралы, бірлігі.Ол мәліметтің аяқталған блогынан тұрады.Оның
құрамына дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістемелік нұсқау мен әрекеттің мақсатты бағдарламасы кіреді.Оны ӛрнекпен
былай кӛрсетеміз:
Оқыту мазмұнының жекеленген бӛліктерден құрылу ұстанымы.Бұл ұстаным оқу материалын модуль шеңберінде дидкатикалық
мақсатты шешуге бағытталған және жекеленген элементтерден тұратын белгілі құрылымы бар бірыңғай тұтастық
деп қарастыруды талап
етеді.Аталған ұстанымның бағдарламалық оқытудың оқу материалын қадамдарға бӛлу ұстанымымен біршама ұқсастығы және ӛзіндік
айырмашылықтары бар. .[5, 41бб.]
Бағдарламалық оқытуда бұл ұстаным оқу материалын шағын, бір – бірімен тығыз байланысқан, белгілі тәртіппен сабақтаса
күрделенген қадамдарға бӛлуді талап етеді.Модульмен оқытуда әр бӛліктің алдына белгілі әрекетті дидактикалық мақсат қойылады, ал
оқыту мазмұны оны жүзеге асыруда қамтамасыз етерлік кӛлемде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: