170
акциялар немесе басқа өзара байланысқан əрекеттердің болмауы
сияқты факторлар ескеріледі.
Жүргізілетін сараптама:
1) материалдардың өнімнің органолептикалық қасиеттеріне
əсерін зерттеу;
2) материалдардан бөлінетін заттардың сапалық жəне сандық
құрамын анықтау;
3) материалдардан бөлінетін заттардың
биологиялық белсенділі-
гін зерттеу сияқты жұмыс кезеңдерінен тұрады.
Кезекті санитарлық қадағалау жүргізу барысында бірінші жəне
екінші кезеңдерді орындау міндетті болып саналады. Сақтық
мақсатында санитарлық қадағалау жүргізу барысында жəне
материалдардың гигиеналық қауіпсіздігін бағалау кезінде үш
кезеңнің толығымен орындалуын міндетті түрде қадағалау қажет.
Үлгілер саны жəне оларды зерттеу тəртібі тиісті нормативтік
құжаттарда бекітілген.
Органолептикалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін су сорын-
дысын (вытяжка) немесе модельді орталардағы сорындыны (вы-
тяжка)
жасайды. Модельді ерітінділерді
тағам өнімдерін боямалау
мақсатында дайындайды. Бұл ерітінділердің бөгде иіс жəне дəмдерді
басатын спецификалық, табиғи өнімдерге тəн иісі жəне дəмі болмай-
ды, Модельді орта бекітілген əдістемеге сай, өнім түріне байланы-
сты дайындалады.
Модельді ерітіндідегі полимерлі материалдарды құю жəне ұзақ
мерзімде сақтаудың температуралық
режимі материалдардың
өніммен жанасу жағдайына тəуелді болады. Ұстау уақыты əдетте,
10 тəуліктен аспайды, консервілермен жанасатын материалдар үшін
– 10, 30, 60 тəулік жəне одан жоғары болады. Модельдік ортаның
материалдық көлемі мен материал ауданының арақатынасын 1:1
өлшемімен алу қолайлы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: