Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет53/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   196
1.  Қос  сөзді  етістіктер:  екі  етістіктің  қосарлануы  арқылы  бір 
мағынаны  білдіретін  етістіктер.  Қос  сөзді  етістіктердің  бірнеше  түрі 
бар: 
а) алғашқы сыңарына көсемшенің –ып, -іп, -п жұрнағы жалғанып, 
екіншісі  басқа  грамматикалық  формалармен  түрленетін  етістіктер: 
қарғап-сілеу, алдап-сулау, сылап-сипау, сасып-пысу, бөліп-жару т.б. 
ә)  бір  етістіктің  қайталануы  арқылы  жасалған  етістіктер:  жүре-
жүре,  келе-келе,  сұрай-сұрай  т.б.  Етістіктің  бұл  түрі  қайталама 
етістіктер  деп  аталады.  Қайталама  етістіктер  қимылдың  дүркіндік, 
созылыңқы түрде өтетінін сипаттайды. 
б)  бірінші  сыңарына  болымсыздық  қосымшасы  жалғанбай,  тек 
соңғы  компонентіне  болымсыздық  жұрнағы  жалғанған  етістіктер: 
ішіп-жемей, ұрып-соқпай, асып-саспай т.б. 
г)  екі  компонентіне  де  болымсыздық  жұрнағы  жалғанған 
етістіктер: ішпей-жемей, ұрмай-соқпай, аспай-саспай т.б. 
д) Кейбір етістіктен жасалған қос сөздердің үстеуге жататыны да 
бар:  жүре-келе,  ырғап-жырғап,  кеуіп-семіп,  өйтіп-бүйтіп  т.б.  Бұл 


 
91 
сөздердің 
құрамындағы 
компоненттері 
бастапқы 
сөздік 
мағыналарынан ауытқып, біртұтас жаңа мағынаға ие болған. 
2.  Кіріккен  түбірлі  етістіктер:  Құрамындағы  сөздердің  жігі 
білінбей,  бір-бірімен  жымдасып,  кірігіп  кеткен  сөздер  кіріккен  түбір 
деп  аталады.  Кіріккен  түбірлі  етістіктердің  саны  тілімізде  аса  көп 
емес,  жиырма  шақты.  Мысалы:  әкел-алып  кел,  апар-алып  бар,  бүйт-
былай ет, сүйт – солай ет, өйт-олай ет т.б. 
3.Күрделі  етістіктер.  Күрделі  етістіктерге  кемі  екі  не  одан  да 
көп  компоненттерден  құралатын  етістік  тіркестері  мен  етістікті 
тіркестер жатады. Мысалы: көмек бер, құлақ сал, қол ұшын бер, келе 
жатыр,  лақтырып  тастай  салғысы  келді  т.б.  Күрделі  етістіктер  – 
қазақ  тіліндегі  өте  көп  қолданылатын  етістік  формаларының  бірі. 
Күрделі  етістіктердің  классификациясы  мәселесі  де  қазақ  тіліндегі 
ортақ  пікірге  келмеген  сала  болып  табылады.  Ы.Маманов  күрделі 
етістіктерді құрамындағы негізгі етістіктердің (жетекші) мағынасына 
қарай төртке бөледі: 
1. Кесімді күрделі етістік. 
2. Босаң күрделі етістік. 
3. Бейімдік күрделі етістік. 
4. Қалау мәнді күрделі етістік 
Сондай-ақ  Ы.Маманов  тіркесті  түбір  етістік  пен  еді  көмекші 
етістігі  арқылы  жасалған  өткен  шақ  формалы  күрделі  форманы 
күрделі етістіктер қатарына жатқызбайды. Себебі, бұл күрделі форма 
тек  өткен  шақ  формасында  ғана  қолданылады.  Ал  күрделі  етістіктер 
барлық шақ формасында түрлене алуы керек деп санайды. 
Шынында  да,  күрделі  етістіктерді  саралау  мәселесінде 
қиындықтар  да  жоқ  емес.  Құрамындағы  компоненттерінің  қай  сөз 
табына  сәйкес  келуіне  және  тіркесу  ерекшелігіне  қарай  қазіргі  қазақ 
тіліндегі күрделі етістіктерді мынадай топтарға бөлеміз: 
1.  Күрделі  етістіктің  негізгі  компонеті  есім  болып,  ал  екінші 
компоненті  сол  есімді  етістікке  айналдыратын  дәнекер  көмекші 
етістік  есебінде  келетін  түрін  құранды  күрделі  етістіктер  деп 
атайды: жәрдем бер, үлгі қыл, бас и жанжал шығар, серуен құр т.б. 
2.  Әр  компоненті  дербес  мағынаға  ие  және  сол  мағыналар  бір-
бірінен  кем  емес  болып  келетін,  екі  сыңары  да  етістіктерден 
құралатын  түрі  жай  күрделі  етістіктер  деп  белгіленеді.  Мысалы: 
алып кел, барып кел, келіп кет, жинай сал, ала кет т.б. 
3.  Аналитикалық  күрделі  етістіктер.  Бұл  форма  бойынша 
жасалатын күрделі етістіктің лексикалық мағынасына алғашқы етістік 
негіз  болады  да  (оны  жетекші  етістік  деп  атайды),  оған  қосылатын 
көсемшенің  жұрнағы  (-а,  -е,  -й,  -п,  -ып,  -іп)  мен  көмекші  етістік 


 
92 
селбесіп  алғашқы  етістіктің  мағынасын  саралай  түседі:  айта  сал, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет