Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет54/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   196
жаза түс, қарай көр т.б. 
4. Суреттемелі күрделі етістіктер. Мысалы: түсінуші едік, кешігіп 
қалған екенмін, жас екен, бармақ болды т.б. Бұл формада көмекшілер 
жетекшілерді  етістік  сипатына  түсіріп,  оларға  шақ,  жақ  ұғымына 
байланысты  таза  грамматикалық  мағына  жамап,  қызмет  атқарады. 
Бұл форма белгілі бір амал әрекетті суреттеу үшін баяндау қызметін 
атқарады. 
5. Тұрақты күрделі етістік. Мысалы: бетке шіркеу түсіре көрме, 
бойын аулақ салды, жұмған аузын ашпады, жігері құм бола жаздады 
т.б.  Бұл  күрделі  етістіктер  –  тұрақты  тіркестер,  яғни  идиомалық 
тіркестер. 
Енді 
Ы.Мамановтың 
күрделі 
етістіктерге 
берген 
классификациясы бойынша әр етістікке түсінік беріп көрелік. 
1. Кесімді күрделі етістік. (ККЕ) ККЕ-тің алдыңғы сыңары өткен 
шақ  көсемшенің  формасында  жұмсалады.  Бұл  форма  іс-әрекеттің 
тиянақты,  кесімді  түрде  өтетінін  білдіреді.  Өткен  шақ  көсемшенің 
жұрнағы –ып, -іп, -п түрінде келеді. Мысалы: алып кел, қуып кел, жеп 
қой, айтып жүр т.б. 
2. Босаң күрделі етістік. Алдыңғы сыңары келер шақ көсемшенің 
–а, -е, -й формасында қоладынылады: ала кел, бара кел, көре кел, кіре 
шық, отыра кет т.б. 
Қазіргі қазақ тілінде күрделі етістіктің бұл түрлері жарысып, кең 
түрде қолданылады. Бір-бірінен лексикалық жағынан айырмашылығы 
жоқ, тек семантикалық жағынан ерекшелігі бар. Мысалы: 
  ККЕ   
 
 
 
 
БКЕ 
Оқып отыр   
 
 
 
Оқи отыр 
Алып кел   
 
 
 
Ала кел 
Айтып кел   
 
 
 
Айта кел 
Тыңдап жат  
 
 
 
Тыңдай жат 
Біріншісінде сөйлеуші орындаушыға кесімді түрде бұйрық берсе, 
екіншісінде  сөйлеуші  бұл  іске  немқұрайлы,  босаң  қарайтының 
білдіреді. 
Міне, 
осындай 
үстеме 
грамматикалық 
мағына 
ерекшеліктеріне  қарай  оларды  кесімді  және  босаң  күрделі  етістіктер 
деп бөлінеді. 
Күрделі етістіктердің құрамында қолданылатын кейбір етістіктер 
кейде  мағынасын  сақтап,  кейде  мағынасын  жоғалтып  отырса,  бар, 
кел, кір етістіктері өзінің лексикалық мағынасын жоймайды. 
3.Бейімдік  күрделі  етістіктер.  Күрделі  етістіктердің  бұл  түрі 
мақсатты  көсемшенің  –ғалы,  -гелі,  -қалы,  -келі  жұрнағы  мен  қалып 
етістіктерінің  (отыр,  тұр,  жатыр,  жүр)  тіркесі  арқылы  жасалады. 
Бейімдік  күрделі  етістік  қимылдың,  іс-әрекеттің  басталар  кезеңін 


 
93 
және  соған  қимыл  иесінің  бейімделуін  білдіреді:  жазғалы  отыр, 
қайтқалы жатыр, кеткелі жүр т.б. 
4.Қалау мәнді күрделі етістіктер. Алдыңғы сыңары –ғы, -гі, -қы, -
кі  формалы  қимыл  есімі  тәуелді  формада  келіп,  соңғы  сыңары  кел 
көмекші  етістігінен  тұрады:  барғым  келеді,  барғың  келеді,  барғысы 
келеді т.б. 
Алғашқы  басылымдағы  академиялық  грамматикада  да  күрделі 
етістіктерді  түрге  бөледі.  Онда  көсемше  формасының  түріне 
байланысты  үшке  бөледі  де,  соңғы  форманы  мүлде  бермейді. 
Шынында  да,  күрделі  етістіктердің  түрі  құрамына  қарай  және 
грамматикалық  мағынасына қарай бөлінеді. Құрамына қарай күрделі 
етістіктер үшке бөлінеді: 
1. Есімдердің, еліктеуіш сөздердің көмекші етістіктермен тіркесуі 
арқылы жасалған тіркесті түбір етістіктер. 
2.  Еді  көмекші  етістігінің  тіркесуі  арқылы  жасалған  күрделі 
формалар. 
3.Көсемше формалы етістіктер мен көмекші етістіктердің тіркесуі 
арқылы 
жасалған 
күрделі 
 
формалар. 
Ы.Мамановтың 
классификациясы  осы  соңғы  күрделі  формаларғар  сәйкес  берілген. 
Демек, көсемше формалы емес күрделі форманы осы түрге саю дұрыс 
емес.  Күрделі  етістіктің  құрамындағы  алғашқы  сөзді  жетекші  етістік 
деп, соңғы сыңарын көмекші етістік деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет