Экология тірі ағзаның тіршілік ортасымен олардың айналадағы қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым. Бұл ғылым ХХ ғасырда дами бастады. Экология тірі əлем
тірі ағзалар жиынтығы емес, көптеген тізбекті қоректенумен т.б. қарым-қатынастағы біртұтас жүйе екенін көрсетеді. Егер аз бөлігі өлсе, онда бəрі де өледі. Барлық тіршілік түрлерінің біртұтастықта, үйлесімде өмір суруі коэволюция нəтижесі. Коэволюция- ағзалардың ортақ эволюциясы.
Экология ХХ ғасырда алға басқанмен де, бұл ғылым бұрынғы ерте заманнан белгілі. Мысалы: жабайы жануарларға шабуыл. Бірақ экология терминін ХІХ ғасырда неміс ғалымы Э. Гюккель енгізді. Грекше аудасақ, экология-тіршілік ету ортасы туралы ілім. ХХ ғасыр ортасында маңызды орынға ие бола бастады. Мұның басты себебі-адам санасының өсуі.
Жерде негізгі тірі ағзалардың органикалық жəне бейорганикалық қосылыстардың биогеохимиялық айналымына қатысатын 3 тобы бар:
Продуценттер (латынша «пайда етуші») немесе автотрофтар-фотосинтез арқылы күн энергиясын, су жəне көмірқышқыл газын пайдаланып, бейорганикалық заттан органикалық зат түзетін ағзалар. Оларға өсімдіктер, көк-жасыл балдырлар жəне хемосинтетикалық кейбір бактериялар жатады.
Консументтер (латынша «пайдаланушылар») немесе гетеротрофтар- энергияны бір қорек сатысынан екіншісіне тасымалдайтын продуценттер пайда еткен дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар.
Редуценттер (латынша «қалыпқа келтіретін») - продуценттер қайтадан пайдалана алатындай етіп, органикалық заттарды бейорганикалық заттарға дейін ыдырататын ағзалар. Оларға бактерия, саңырауқұлақ, буынаяқтылар жатады.
Жерде тіршіліктің болуы тірі ағзаларға байланысты. Тірі ағзалардың 2 млн (500 мың өсімдік жəне 1,5 млн жануар) түрі бар.
Адамзат екі антропогендік экологиялық кризисті бастан кешірді:
«Консументтер кризисі» Ертедегі адамдардың ірі жануарларды атуы, нəтижесəнде жануарларды қолға үйрету.
«Продуценттер кризисі» Жасыл өсімдіктердің жеткіліксіздігі. Ал, қазіргі кезде адамзат үшінші кризис «редуценттер кризисін» пайда етуде. Біріншіден адам редуценттер лас заттарды ыдыратып алмайтындай етіп, қоршаған ортаны көп мөлшерде ластауда. Екіншіден адам қоршаған ортаға редуценттер ыдырата алмайтын көптеген синтетикалық заттар мен материалдар бөлуде. Сондықтан экология теориялық емес, практикалық түрде маңызды орынға ие болуда.
Табиғи ресурстарды экплуатациалау мен қалпына келтіру, қорғау əдістерін жəне принциптерін оқытатын комплексті пəн табиғат қорғауды оқуға əкелді. Қазіргі кезде экологиялық кризистер мен қателіктер экологиялық технологиямен өндірістерді шығаруға əкелді. Яғни, техноценозды пайда етуде.
Адамның іс-əрекеті қоршаған ортаны бүлдіруде. Мысалы: адамның өндірістік іс- əрекеті атмосфераға көмірқышқыл газын көп мөлшерде бөліп, «парниктік эффект» деп аталатын ауа райының жылынуына əкелуде.
Негізгі қоршаған орта бүлінуінің глобальді проблемасы - биосфераның: ауа, су, топырақтың ластануы. Алғашқы кезде жануарлар мен өсімдіктердің қоршаған ортаға əсерін қарастырды. Ал 70 жылдардың басында қоғамдағы процестерді қарай бастады Бұл əлеуметтік экологияның туындауына əкелді.