ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет212/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   382
«билеу еркі»
де-
ген түсінікке ауыстырды. Шопенгауэрдің «Әлемдік еркі» біреу болса, 
Ницше еріктердің көптілігін және билік үшін күресте олардың бір-
бірімен бәсекелестігін, үстемдігін мойындайды. Шопенгауэр Әлемдік 
ерікке қарсы тұру үшін, еріктен бас тартуды қажет санаса, ал Ниц-
ше, керісінше, адам – құл емес, демек, ол билеуге деген ерікті өмірге 
енгізуге, сол үшін күресуге тиіс деп санайды.
Өз-өзіне: «Жақсы деген не?» – деген сұрақ қойып, Ницше: «Ол – 
билікке жетуге септігі тиетіннің барлығы», – деп жауап береді. 
«Дүниені танып білу билеуге ұмтылатын ерікті күшейте ала ма?» – де-
ген сұраққа ол: «Жоқ, өйткені ақыл-ес өзінің әртүрлі ой-тұжырымдары 
арқылы билік алғысы келетін ерікті басып-жаншиды. Мораль да 
қоғам мүдделерінен келіп шығатын өзінің талаптары арқылы адамның 
билікке жеткісі келетін ерік-қалауын әлсіретеді», – деген жауап 
қайтарды.
Билеу еркі – күшті адам құқығының негізін құрайды, сондықтан ол 
кез келген діни, моральдық және басқадай нормалардан жоғары болуға 
тиіс.
Адамдардың теңдігін жариялай отырып, социализм сол арқылы 
адамның билікке ұмтылысын тұқыртады. Демократия да соған қарсы 
әрекет етеді, өйткені тобыр кез келген билікке қарсы, демек, күштінің 
билікке деген құқына қарсы тұрады. Еркек пен әйелдің өзара қарым-
қатынастарына келсек, онда табиғаттың өзі алғашқысын күшті етіп 
жаратқан, яғни оған билеу құқын берген. Сондықтан еркек пен әйелдің 
теңдігіне (эмансипация) бағытталған кез келген әрекет – қоғамның 
іріп-шірігенінің көрсеткіші.
«Мораль генеалогиясына» деген еңбегінде Ницше моральды 
жоғарыда келтірілген ой-пікірлерден шығаруға тырысады. Оның пікірі 
бойынша, «жаман», «ұсқынсыз» деген мағына беретін «shlecht» деген 
неміс сөзінің мағынасы «shlicht» – «қарапайым адам» сөзіне жақын. 
Тарихи қалыптасқан «бай», «атақты», «даңқты» деген сөздер «жақсы» 
ұғымымен теңестіріледі. Ал «кедейшілік», «қарапайымдылық», 
«әлсіздік» сөздері «жаман» ретінде бағаланады.
Ал мыңжылдықтар бойы кедейлер мен құлдардың қоғамға өз 
моралін таңуға тырысқанын ол «құлдар мен моральдың көтерілісі» 
деп атады. Тарихи тұрғыда, Ницшенің пікірінше, осының бәрі де 
«Көне Өсиет» кезеңінің еврейлерінен бастау алады. Олар: «жақсы – 
ізгілікті – күшті – бақытты» деген сөздерге теріс мағына беріп, 


236
аристократияның құндылықтарына қайта бағалау жүргізді. Олар: 
Бақытсыз адамдар ғана – жақсы адамдар, ал кедей, тұлдыр, азап 
шегушілер – Құдай сүйіспеншілігіне лайық адамдар», – деп мәлімдеді. 
Құндылықтардың осылайша қайта бағалануын кейіннен христиандық 
дін құп көрді. Сондықтан «иудейлік-христиандық моральды» қайта 
қарайтын және тақсырлар мен аристократтар моралінің төмендегі 
қағидаларға негізделген құқықтарын қалпына келтіретін уақыт келді. 
Ол қағидалар:
1. Өмір құндылығын сол қалпында тану.
2. Адамдар табиғатынан теңсіз.
3. Күшті адам моральдан азат.
Ф.Ницше жоғарыда аталған қағидаларға сай келетін адамдардың әлі 
дүниеге келмегеніне қамығады. Егер хайуандардың бір немесе басқа 
түрі тарих алаңынан кетерде артында ең жақсы, өмірге бейімделген 
тұқым қалдырса, онда адам түр ретінде ерекше жаратылған адамды 
тудыра алмайды, өйткені адам – ауру хайуан. Оның Табиғат берген 
бастапқы ырықсыз сезімдері сөнген, ал олардың орнын сана басқан.
Ницше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет