Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді



бет36/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

  • мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;

  • еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

  • қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

  • сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.

Қосымшы еңбекақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

  • демалыс уақыттарына ақы төлеу;

  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;

  • кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

  • жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында татифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік-біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тарифтік мөлшерлеме (жалақы) – бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін (сағат, күн, ай) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің еңбекақысының белгіленген мөлшері.
Тарифтік тор – бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффициенттердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әр түрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.
Өнеркәсіптің көпшілік салаларында жұмысшының біліктілігіне тәуелді саналатын, алты разрядты тарифтік торды қолдану ұсынылған.
Мамандарға, қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде лауазымды жалақының жүйесі қолданылады. Лауазымды жалақы қызметкерлердің (ереже бойынша, ұйым қызметкерлерінің орташа еңбекақысының пропорциясындағы) атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсолюттік мөлшері.
Қызметкерді босату кезінде жұмыстан шығардағы жәрдемақыны төлеу.
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру 3 өзара байланысты және өзара тәуелді элементтерен анықталады:

    • тарифтік жүйе;

    • еңбекті нормалау;

    • еңбекақы төлеудің нысаны.

Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді, олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.
Тарифтік жүйеге:

  • сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;

  • еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың (біліктілік) әр түрлі разряд арасындағы арақатынастарын көрсететін тарифтік тор;

  • тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік-біліктілік анықтамалар кіреді.

Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.
Тарифтік разряд – қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста қолданылады; біліктілік разряд – қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама.
Еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарындағы жалақылардың айырмашылықтары мынадан тұрады:

    • мемлекеттің иелігіндегі кәсіпорындарда жалақы үкімет актілерімен реттеледі, ал жеке кәсіпорындарында кәсіпорын әкімшілігі шешімімен (бірақ, ең аз жалақы жөніндегі белгіленген заңнан кемболмауы керек);

    • мемлекеттік кәсіпорындарда жалақы тіркеледі, яғни тұрақты болады (арту индекстеу есебінен тұрады);

    • мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орны мен жалақы кепілді, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады.

Еңбек ақыны ұйымдастыру

Тарифтік жүйе



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет