Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет37/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Еңбекті нормалау

Еңбек ақы нышаны

Тарифтік мөлшерлеме

Тарифтік тор

Қызмет ету нормасы

өндіріс нормасы

Уақыт нормасы

Адам санының нормасы

кесімді

мерзімдік

Тарифтік біліктілік анықтама

Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көзін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады.


Қазіргі уақытта, Қазақстанда еңбекақыны реформалау (өзгерту), мемлекеттің кепілделген ең қысқа күнелту деңгейін қамтамасыз етумен және ақы төлеудің жоғарғы деңгейінен шектеулерді жүйелі түрде алып тастаумен байланысты.
Еңбек қатынастарын реттеудің нормасы болып тарифтік келісімнің және ұжымдық келісім – шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілермен кәсіподақтардың арасындағы, жұмысшылар мен қызметшілердің арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім – шарттың қағидасы табылуы керек.
Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік әлеуметтік норматив тәрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлеуметтік факторларға байланысты сараланады.
Ең төменгі еңбекақының экономикалық мағынасы өнімді еңбектегі және жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қабілеттілігін қолдауды білдіреді.


2.Еңбекақының жүйелері мен нысандары – еңбекақыны ұйымдастырудың қажетті элементтері. Олар жеке немесе жұмыскерлер топтарының еңбекақысын еңбек нәтижелерінің саны мен сапасына байланысты есептеу тәртібін анықтайды.
Еңбекақының жүйелері және нысандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерімен көрсетіледі.
Мақсаттың ішінен басты нәрсе болып еңбек өлшемі мен еңбекақы өлшемі арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар тиімді еңбекте жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып табылады.
Еңбекақыны ұйымдастыру тәжірибесінде еңбекақының екі нысаны қолданылады – мерзімдік және кесімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет