Бақылау сұрақтары:
Еңбек ақы түсінігі
Еңбек ақының экономикалық мәні мен мазмұны
Еңбек ақының негізгі атқаратын қызметтері
Еңбек ақы төлеу қандай принциптерге негізделген?
Еңбек ақының нысандары, олардың анықтау әдістемесі
Еңбек ақының тарифтік және тарифтік емес жүйесі
Еңбек ақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибелері
Дәріс 6. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
1.Инвестициялардың маңызы мен түрлері
2. Кәсіпорынның инвестициялық жобасының тиімділігін анықтау мен бағалау
3. Инновациялық жобалар мәні, принциптері және бағалау факторлары
Алып компаниялардың дамуы материалдық құндылықтардың көбеюімен байланысты, ол белгілі бір факторлардың әсерінен қалыптасады, соның негізгісі ол инвестициялық салымдар мен инвестициялар, сонымен қатар, инвестициялық операцияларды практика жүзінде іске асыру.
Инвестиция (лат. Investio – киіндіру, салу) қысқаша айтқанда, ұзақ мерзімге салынған капиталды кейін бірнеше есе қайтару. Бірақ, қайтарым салынған инвестиция мөлшерінен көп болуы тиіс, сонымен қатар салынған ресурстардың мөлшері инвесторға қайтарымды болу керек. Соның ішінде оның тәуекелділігі, ағымдағы инфляция деңгейінің әсерінен оның салымдары қайтарылуы тиіс.
Инвестиция туралы нақты білу үшін, оның кәсіпкерліқ қызметте атқаратын рөлі туралы оның толық классификациясы берілген. (сурет 5).
Инвестициялар қаржылық (ақшалай), нақты және материалдық емес болып бөлінеді.
Қаржылық инвестициялар – Халықаралық несие – қаржы қызметі, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар. Мысалы, пайыз, роялти, дивидент және жалдау ақысы. Инвестицияланған капиталдың өсімін алу немесе басқадай пайда алу. Бұндай инвестицияларды көбінесе портфельдік инвестициялар деп атайды.
Физикалық (нақты) инвестициялар – қаражаттың материалдық өндіріс саласына арналған ұзақ мерзімдік жұмсалымы. Нақты активтерді техникалық жаңартуларға қолдану, жылжымайтын мүлік, басқа негізгі фондтар.бұл инвестицияның түрін нақты активтер немесе капиталқалыптастырушы деп атайды. Олар келесі элементтерден тұрады:
Негізгі капиталды инвестициялар (ғимараттар, құрал-жабдықтар, салынған үйлер).
Жаңартуға кеткен шығындар;
Жер участкілерін қолдануға инвестициялар;
Материалдық қорларды көбейту мақсатында қолданылатын инвестициялар.
Материалдық емес инвестициялар – кадрларды мамандыру, дайындау, фирма қызметкерлердің квалификациясын көтеру, ғылыми зерттеулер, лицензия алу, жарнама және т.б.
Инвестициялардың барлық типтерінің нақты активтері фирманың өмірін сақтауға және оның дамуына мәні өте зор. Сондықтан мұндай инвестициялардың түрлеріне байланысты оларды келесідей топтарға бөлеміз:
Тиімділігін арттыру үшін инвестициялар. Оның мақсаты құрал-жабдықтарды ауыстыру мақсатында кеткен салымдар мен шығындарды төмендету. Персоналдың білім деңгейін арттыру, өндірістік қуатын тиімді аймақтарға көшіру, өндірісті дамыту.
Өндірісті арттыру инвестициялар. Тауардың жаңа құрылған нарыққа үлкен мөлшерде шығуын қамтамасыз ету.
Жаңа өндірістік инвестициялары. Мұндай инвестициялар жаңа кәсіпорындардың құрылуын қамтамасыз етеді, ал осы кәсіпорындар әлі шығарылмаған тауарларды шығапуға тиісті болады.(немесе қызметтің жаңа түрін қолданады). Мысалы, кәсіпорындардың шығарып келген тауарларын жаңа нарыққа ұсыну.
Мемлекеттік басқару органдардың талаптарын қанағаттандырға бағытталған инвестициялар. Инвестицияның бұл түрі фирманың мемлекет алдында орындалатын талаптарға байланысты жүзеге асырылады, экономикалық стандартқа сай өкімет талабын орындау, тауардың қауіпсіздігі, бірақ оның бәрін жүзеге асыру менеджменттің мәні жеткіліксіз.
Инвестицияны жүзеге асыру ішкі және сыртқы қаржылық көзднрі арқылы қалыптасады.
Инвестицияның ішкі көздеріне халықтың сақтауы, ұйымдар және мемлекет кіреді. Жеке азаматтардың қаржылық салымдары ғимараттар, құрал-жабдықтарды сатып алу үшін, қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар бұл салымдар банкте сақталуы мүмкін.
Кәсіпорындарда қаржылық ресурстардың көздері ол пайда мен амортизациялық төлемдер.Қазіргі кезде инвестициялық көздері тек қана жақсы дамыған, тұрақты кәсіпорындар қол жеткізе алады. Өз ресурстары жеткіліксіз жағдайда кәсіпорындардың негізгі көңілдері сыртқы инвесторлар мен инвестициялық ресурстар болып табылады.
Қаржыны сақтау үкіметтің де мүмкіндігі бар, Бірақ ол бюджетке салықтардан түсккен қаржының мемлекеттің тұтынуынан көп мөлшерде болған жағдайда ғана қолданылады.(мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақылары, қорғанысқа кеткен шығын, зейнеткерлерге зейнетақының төленуі және т.б.). Мұндай жағдайда үкіметте қаржы сақталынып, көбінесе инвестициялық операцияларға жұмсалады (жолдар салу, телебайланыс және т.б.).
Мемлекеттік орталықтандырылған салымдар көбінесе аймақтық бағдарламаларды қалыптастыруға, инфрақұрылымды дамыту, табиғи апаттарға, төтенше жағдайларға, әлеуметтік – экономикалық проблемаларға қарсы бағытталған. Орталықтандырылған қаржылық көздерінің салдарынан мемлекеттік бюджеттің тапшылығы инвестициялық проблемаларды шешуге бағытталмағанбюджеттік ресурстардың тапшылығынан мемлекет қауіпсіз бюджеттік қаржыландырудан несиелік жүйеге көшүге мәжбүр болады. Қысқа және ұзақ мерзімді несиелер әлеуметтік бағдарламалар мен экономикада стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін бағытталған. Олар өндірістің дамуына ықпал жасайды, сонымен қатар, экономиканың даму деңгейіне.
Сыртқы (шетелдік) инвестициялар мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Мемлекеттік инвестиция заемдық, несиелік деп түсіндіріледі, ол бір немесе бірнеше мемлекет арасындағы халықаралық келісімдер. Жеке инвестицияларға белгілі бір мемлекеттің жеке кәсіпорындардың салдарынан қалыптасып, басқа елдер арасында жүзеге асады. Шетелдік инвестициялар быдай қалыптасуы мүмкін.
Шетелдік капиталдың бөлімдеріне қатысты кәсіпорын құру. (Біріккен кәсіпорын);
Құрылған кәсіпорын, филиалдар толығымен шетелдік инвесторларға бағынуы;
Шетелдік инвестордың алған жеке кәсіпорындар, жеке комплексиер, ғимараттар, кәсіпорынның бөлімдерін иемдену, акциялар, облигациялар және т.б. құнды қағаздар;
Жерді уақытша пайдалану құқығын, және басқа ресурстарды, сонымен қатар басқа меншікті құқығын иемдену;
Заемдарды ұсыну, несиелер, меншік және меншік құқықтары.
Біріккен шетелдік кәсіпорын құрудың негізгі формасы бөлшекті қатысу болып табылады.
К/о – ның иновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, олардың өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми техникалық шаралар жүйесіү.
Инновация екі типте қарастырылыды;
Жаңа өнімдік өндіріске енгізу иновацияның өнімділігі ретінде анықталады. Бұл кезде жаңа технология негізделеді
Процестік иновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияның едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірістік ұйымдастыруларды өзгерту.
Инновацияны анықтайтын факторлар:
өнертапқыштық, онтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару.
Кәсіпорын иновациясын қызметін әзірлеу принціптері:
Жаңалық идеяны әзірлеу
Өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу:
Жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық – басқарушылық шешімдерді әзірлеу.
Қажетті ақпаратты ресурстарды зерттеу.
Инвестицияның классификациялық белгісі
Достарыңызбен бөлісу: |