Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Дәріс 7. Өнімді өндіру және өткізу шығындары



бет41/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Дәріс 7. Өнімді өндіру және өткізу шығындары.
1.Шығын түсінігі, құрамы мен түрлері.
2.Өнімнің өзіндік құнының құрылымы және әр түрлі салаларды оның ерекшеліктері.
3.Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің мәні, көздері және факторлары

Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі- өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.


Өзіндік құнның экономикалық мазмұны- жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы-бұл шығцындардың басты статьялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: Өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау- бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.
Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар-бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

  1. өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдыңғ ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;

  2. өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;

  3. өндірістік әлеуметтік- мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар.Олар негізінде пайданың сесбінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет