184
қоспаны шығару уақытында екінші араластырғыш құрауыштармен
толтырыла бастайды.
Тік жұмыс істейтін араластырғышқа
қарағанда көлденең жұмыс
істейтін араластырғыштар кең қолданылады.
А9-ДСГ көлденең араластырғышы сусымалы өнімді араластыруға
арналған. Ол да СГК-1 сияқты жұмыс істейді.
Араластырғыштардың ванналарының сыйымдылығы 0,1; 0,2;
0,5; 1,0; 1,5; 2,5 жəне 3,0 тонналық болады.
Үздіксіз жұмыс істейтін араластырғыштарда мөлшерлегіштен
кейін құрауыштар құрамалы тасымалдауышқа түсіп, одан
араластырғышқа түседі.
Үздіксіз жұмыс істейтін 2СМ-1 араластырғышы былай жұмыс
істейді; Машинаның негізгі жұмыс органы – екі болат білік (1),
оларға қалақшалар (2) орнатылған.
Біліктер қалақшамен бірге металды
цилиндрге орнатылған
(3). Құрауыштар араластырғыштың қабылдау қондырғысына
түсіп, одан біріне-бірі қарама-қарсы айналатын қалақшаларға
түсіп, үздіксіз араластырылады. Біліктер біріне-бірі қарама-
қарсы айналғанда минутына 214 айналады,
өнім қалақшалармен
қарқынды араластырылып шығу есігіне жылжиды.
Құрама жемді түйіршіктеу. Шашыранды құрама жемді тиімді
пайдалану үшін, тасымалдау, сақтауда болатын шаң, құрамының
əркелкілігі, жабысып қалу сияқты жағдайларды болдырмау үшін
құрама жемді түйіршіктейді.
Құрама жемді түйіршіктеу құсты,
балықты азықтандыруды
механикаландырып, құс шаруашылығындағы еңбек жағдайын
жақсартады, құрама жемдегі қоректік заттардың толық сақталуын
қамтамасыз етеді. Яғни, түйіршіктеу дегеніміз шашыранды
құрама жемді тығыз, куб немесе цилиндр түріндегі
бөліктерге ай-
налдыру.
Құстарды, балықты шашыранды құрама жеммен азықтандыр-
ғанда балыққа арналған құрама жем суда тез еріп кетіп, қоректік зат-
тары да суда еріп кетеді, ал құстарға берсе құстар дəн
бөлігіндегі ірі
құрауыштарды теріп жеп, ал ұсақ ұнтақталған бөлшектерді, əсіресе
микроқосымшаларды жемейді.
Түйіршіктеу үдерісінде шашыранды құрама жемнің формасы
ғана өзгермей, оның физикалық қасиеттері де өзгереді –
көлемдік
салмағы ұлғайып, сусымалығы жақсарады, құрамы мен ірілігі
біркелкі болады.
185
Түйіршіктелген құрама жемді тасымалдау жеңіл, оған сыртқы
ортаның əсері онша əсер етпейді, көлемі аз болып келеді.
Түйіршікті құрама жемнің жемдік бағалығына жақсы əсер
ететін фактор – бу əсерімен
стерильдеу, соның əсерінен көгергіш
саңырауқұлақтар 95% дейін жойылады.
Құрама жемді түйіршіктеу мына үдерістерден тұрады: шашы-
ранды құрама жемді сығымдау алдында бақылау; сығымдағыш-
түйіршіктегіштің араластырғышында шашыранды құрама жемді
гидротермиялық өңдеу; сығымдағышта сығымдау; суытқыш ко-
лонкада түйіршікті суыту; түйіршіктен
қиыршық алу; түйіршікті
бақылау (ұсақ бөлшекті бөлу) жəне түйіршікті сұрыптау.
Түйіршікті сығымдау жəне қалыптау түйіршіктегіштің матри-
цасында жүргізіледі. Бұл сығымдағыш- түйіршіктегіштің негізгі
жұмыс органы.
Құрама жемді зауытта 2 əдіспен түйіршіктейді -құрғақ жəне сулы
(ылғалдап).
Достарыңызбен бөлісу: