Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


-сурет. Тұзды дайындау желісі: 1 – елеуіш машина; 2 – ұнтақтағыш; 3.21-сурет



Pdf көрінісі
бет107/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

3.20-сурет. Тұзды дайындау желісі:
1 – елеуіш машина; 2 – ұнтақтағыш;
3.21-сурет. Бор жəне басқа минералды шикізаттарды дайындау желісі:
1 – таспалы тасымалдауыш; 2 – тас ұнтақтағыш; 3 – ұнтақталған өнімге 
арналған қорап; 4 – кептіргіш; 5 – шөмішті таразы; 6-кептірілген өнімге 
арналған қорап; 7 – елеуіш машина; 8 – ұнтақтағыш; 9 – дайындалған бор 
мен тұзға арналған қорап.


199
типті №40 сым төсем қойылған елеуіш машинада елеп, металды-
магнитті қоспадан тазалайды.
Премикс енгізу желісі. Құрама жем мен ақуызды-витаминді 
қосымшаны (АВҚ) байыту оның құрамына премиксті енгізу 
арқылы жүргізіледі. Премиксті қаптан босатып, бөлек желі бойын-
ша мөлшерлегіш алдындағы қорапқа жібереді жəне рецепт бойын-
ша құрамажем құрамына енгізеді. Премиксті ақуызды – витаминді 
қосымшаға енгізуді АВҚ мен дəнді дақылдың қатынасын 
есепке алып жүргізеді. Мысалы, құрама жем жасауға 20% АВҚ 
қолданылады, ал ол бестен бір бөлікті құрайды, сондықтан АВҚ-ға 
бір пайыздық концентрациядағы 5% премикс, немесе 1т АВҚ-ға 50 
кг премикс енгізу керек.
Сұйық өнімді енгізу. Құрама жемнің биологиялық тиімділігін 
жоғарылатудың бірден-бір жолы құрама жемге сұйық өнім түрлерін: 
меласса, май, гидрол, жүгері экстрактісі, фосфатидтер, балық 
экстрактісін қосу болып табылады. Сұйық өнімдерді құрама жемге 
қосу олардың жоғары қоректілігі, жақсы сіңімділігі мен биологиялық 
белсенді заттарды сақтауына байланысты.
3.22-сурет. Құрама жем өндірісінің принципиалды сызбасы:
1 – сепаратор; 2 – электрлі-магнитті сепаратор; 3 – қорап; 4 – балғалы 
ұнтақтағыштар; 5 – білікті станоктар; 6 – елеуіш машина; 7 – пневмоаспи-
ратор; 8 – күнжарауатқыш; 9 - магнитті қалқа; 10 – кептіргіш; 11 – меласса 
мен карбамидті араластырғыш; 12 – насос.


200
Құрама жем өндірісінде ең көп қолданылатыны меласса мен май. 
Олар құрама жемнің дəмдік жəне қоректік сапаларын жақсартады. 
Сонымен қатар меласса түйіршіктелген жəне брикеттелген құрама 
жем жасауда байланыстырғыш зат ретінде де қолданылады.
Меласса қондырғылары: қабылдағыш қондырғы, 200; 200×2; 
500; 500×2м
3
меласса сақтағыш сыйымдылықтар, насос станциясы, 
өткізгіш құбыр жəне қазандық қондырғылардан тұрады.
Сұйық өнімдер желісін қыздыру, тазарту, шығынын есептеу
жөнелту, мөлшерлеу жəне құрама жемге енгізу құрылғыларымен 
қамтамасыз етеді. Сұйық өнімдерді мөлшерлеу шығын өлшегіш 
орнатылған насос арқылы жүргізіледі.
Құрама жем өндірісінің принципиалды сызбасы 3.22-суретте 
берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет