Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет108/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

3.7. Премикс өндірісі
Көптеген зерттеулер бойынша биологиялық белсенді заттар мал 
өнімділігінің өсуіне көп ықпал етеді.
Жемді тиімді пайдалану жəне азықтандыру дұрыс болуын, мал 
организміндегі алмасу заттары мен өміршеңдік қызметтердің дұрыс 
жүруін қамтамасыз ету үшін бұл тапшы заттар құрама жем жəне 
жемдік қоспа құрамына байытқыш қосымша ретінде енгізілуі ке-
рек. Қазіргі құрама жем өндірісінде 100-ден артық əртүрлі заттар 
қолданылады.
Бройлер мен балапандарға арналған премикстер 9-дан-24-ке 
дейін құрауыштарды сақтайды: А, Д
2
, В
2
, ниацин, кальций пантоте-
нат, В
12
, Е, тиамин витаминдерін, антибиотиктер, микроэлементтер-
темір, мыс, йод, марганец, кобальт, мырыш.
Премиксті жемге 1-5% мөлшерде енгізеді.
Премиксті бекітілген нормативті-техникалық құжат бойын-
ша дайындайды. Əр премикстің жаңа рецебін жасағанда премикс 
пен құрама жем құрамындағы бастапқы құрауыштардың малдың 
асқазан-ішек жолы, мүшелері мен ұлпаларындағы өзара əсері тура-
лы ғылыми мəліметтерге қатал сүйену қажет.
Премикстер құрамына кіретін құрауыштары немесе қолдану 
мақсатына байланысты жіктеледі. Премикстер кешенді неме-
се əмбебап, минералды, аминқышқылды, витаминді, витаминді-
аминқышқылды, витаминді-антибиотикті жəне басқа да түрлерге 
бөлінеді. Қолдану мақсаты бойынша сауықтыру жəне емдік болып 


201
бөлініп, бір-бірінен құрамына енетін құрауыштары мен арнайы 
емдік препараттары бойынша ажыратылады.
Біздің елімізде көбінесе сауықтыру мақсаттағы əмбебап пре-
микстер қолданылады. Құрама жем зауытында құрама жемге 20-30 
əртүрлі қоспаны енгізу қиын, өйткені бұл үдерісс жоғары дəлдікпен 
өлшеу мен араластыруды қарастырады. Сондықтан əртүрлі 
қосымшаларды арнайы зауытта дайындап, одан кейін оны құрама 
жем, ақуызды-витаминді қосымшаға қосу тиімді. 
Премикс – қажетті ірілікке дейін ұнтақталған, микроқосымшалар 
(микроэлементтер, витаминдер) мен толықтырғыштың біркелкі 
қоспасы.
Премиксті арнайы рецепт арқылы дайындайды. Рецепті белгілеу 
тəртібі құрама жемді белгілеу сияқты. Мысалы, П2-1- рецебі-1-60 
күндік жас құсқа арналған, ал П51-1 рецебі – жас торайға арналған 
премиксті білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет