244
Осы қоспада ұн түйіршіктерінің болмауы əдетте ашытпаның илеу
үдерісінің аяқталғандығының көрсеткіші деп қабылданады.
Ашытпа илеу үдерісінің ұзақтығы жəне қарқындылығы, оны
қайта илеу нанның сапасына белгілі əсер етуі мүмкін.
Дегенмен де нан дайындаудың технологиялық үдерісінің жүруіне
жəне оның сапасына қамыр илеу жəне ондағы жүретін үдерістер
көп əсер етеді. Сондықтан қамырды илеу үдерісі жəне оның түзілуі
кеңінен қарастырылады.
Қамыр илеу –
бұл рецептураға қарап, белгілі бір реологиялық
қасиеті бар, шикізаттарды араластырғанда біркелкі массаның
түзі
лу
ін айтады. Қамыр илеуге қосылатын барлық шикізаттар
рецептураға сай өлшеніп қамыр
илегіш машинаның ішінде ара-
ластырылады. Илену сипатына қарай үздікті жəне үздіксіз,
механикалық өңдеудің дəрежесіне қарай жай жəне қарқынды бо-
лып бөлінеді.
Үздікті илеу – шикізаттарды бір рет өлшеп белгілі уақытта
қамырдың үлесін (порция) илеу, ал үздіксіз илеу – уақыт бірлігінде
белгілі мөлшердегі шикізаттарды үздіксіз өлшеу.
Илеудің
ең басында-ақ ұнның сумен, тұз, ашытқымен жанасып,
қамырдың түзілуі кезінде бірқатар үдерістер жүре бастайды.
Қамырдың түзілуі кезінде ең негізгі физикалық-механикалық,
коллоидтық жəне биохимиялық үдерістер жүреді. Бұл үдерістердің
барлығы илеудің ұзақтығына,
температураға, шикізаттардың
мөлшері мен сапасына байланысты бір уақытта жүреді.
Ашытқының өмірсүргіштігі жəне ұнның қышқылтүзгіш бакте-
риялармен байланысқан микробиологиялық үдерістер қамыр илеу
кезінде қарқындылыққа жетуге үлгере алмайды,
сондықтан да ол
қамыр илеу кезінде рөл ойнай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: