Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Ұнды елеу жəне магнитпен тазарту



Pdf көрінісі
бет138/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Ұнды елеу жəне магнитпен тазарту. Ұн бөліктерінен өлшемі 
бойынша ерекшеленетін кездейсоқ бөтен бөліктерді бөліп алу үшін 
ұнды елейді. Осы мақсатта нан зауыттарында əртүрлі типтегі елейтін 
машиналар қолданылады.
Ұннан металл бөліктерді ажырату үшін елеуіштің елек тесіктері 
арқылы өтіп кететін жерінде, ұн желілерінде магнитті ұстағыш 
қарастырылады.
Еленген жəне металл бөліктерден тазартылған ұн тиісті та-
сымалдау құрылғыларының (нориялар, шнектер, шынжыр-
лы тасымалдағыштар немесе пневматикалық көлік жүйесінің 
ұн құбырларының) көмегімен өндірістік ұн силостарына қарай 
бағытталады.


240
Ашытқы, тұз жəне қосымша шикізаттарды сақтау жəне 
өндіріске дайындау
Тұз. Тұз сақтауға арналған бөлме оның 15 тəуліктік қорын 
сыйдыруға арналған болуы керек. 
Қазіргі таңда нан зауытына келіп түскен тұзды бірден суда 
ерітілген күйінде сақтау əдістері кеңірек қолданыла бастады. 
Суды ерітуге жəне оның ерітіндісін сүзуге арналған жабдық, со-
нымен қатар оны жинақтағыш бөшкелерге беруге арналған насос 
пен құбырлар қарастырылуға тиіс.
Престелген ашытқылар. Жобалау нормаларына сəйкес, ашытқы 
жəшіктерде, температурасы 4-8
о
С жəне ауаның салыстырмалы 
ылғалдылығы 70%-дан аспайтын тоңазыту камерасында, 3 тəулікке 
дейін сақталуға тиіс.
Егер қыста нан зауытына мұздатылған ашытқы келіп түсетін бол-
са, оларды салқын бөлмеде жібіту керек. Ашытқы неғұрлым баяуырақ 
жібісе, олардың көтеру күші соғұрлым жақсырақ сақталады.
Престелген ашытқыларды қамыр (ашытпа, ашымал, т.б.) илеуге 
дайындау оларды орамнан тазартудан, алдын ала ірі ұсақтаудан жəне 
жылы (30-35
о
С) суда 1:3-1:4 қатынаста жақсылап араластырылған 
ерітіндіні дайындаудан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет