286
шығын болып табылады. Бұл шығын – технологиялық үдерістің
табиғатымен байланысты жəне ол нөлге тең болуы мүмкін емес.
Белгілі бір кему болмаса, қажетті қалыңдықтағы сыртқы қабыққа
қол жеткізу мүмкін емес. Əрбір өнім үшін қабығының қалыңдығы
анықталуы тиіс. Пісіру барысында, кемудің – берілген өнім үшін
жəне пеш конструкциясына сай оптимал болуына ұмтылу қажет.
Кему бірнеше факторларға тəуелді, соның ішіндегі ең маңыздысы:
ПҚД-ның массасы, нанның меншікті беткі қабаты (масса неме-
се көлеміне шаққандағы беткі қабат), нан пішінінің конфигура-
циясы, екінші кезеңдегі пісіру камерасындағы ортаның темпера-
турасы, пісіру камерасының булы-ауа ортасының салыстырмалы
ылғалдылығы, нанның үлестік көлемі жəне т.б.
4.10.3. Пісіру параметрлері
Пісіру параметрлері – нан-бөлішке өнімдерінің сапасын,
сондай-ақ өндірістің экономикалық көрсеткіштерін анықтайтын
негізгі фактор болып табылады. Сондықтан пісірудің қолайлы
параметрлерін таңдау – өндіріс жұмысының тиімділігін
анықтайды. Пісіру параметрлері мен шарттарына пісірілетін дай-
ын қамырдың беткі қабатын ылғалдандыру, температура жəне
үдерістің ұзақтығы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: