287
Бұл жағдайда пісіру үдерісі ылғалданбаған
бастапқы фаза бойынша
жүргізіледі.
Домалақ өнімдерді өндіруде түрлі конструкциялы бу-ылғалдаушы
құрылғылардың көмегімен булы ылғалдандыру қолданылады. ПҚД-
ның беткі қабатындағы бу конденсациясы – беткі қабаттың темпера-
турасы ең жоғарғы нүктеге жеткенге дейін жалғасуы мүмкін. Кон-
денсация 1-3
минутқа созылады, одан кейінгі кезекте ПҚД-ның беткі
қабатынан ылғалдың булануы басталады.
Пісірудің ендігі кезеңіндегі орта ылғалдылығының жоғарылауы
ылғалдың булануын тежейді жəне
созылмайтын қабықтың тез
түзілуінің алдын алады. Бұл ПҚД-ның ылғалданған газ ортасында
болу кезеңін ұлғайтады жəне ПҚД-ның көлемінің ұлғаюына əсер
етеді жəне нан бетінде сызаттар мен жырықтардың пайда болуының
алдын алады.
Ылғалдану зонасындағы ПҚД-ның
беткі қабатының ылғалдануы
– негізінен бу-ылғалдандырғыш құрылғылардың көмегімен берілетін
төмен қысымды қаныққан бу арқылы іске асырылады.
Беткі қабаты желденген, қатқылданған қабықша түзілген ПҚД-ын
пешке
салғанда, ылғалдану тиімділігі төмендейді. Төмен көлемді,
ұнды, қабығының беті кедір-бұдыр дайын өнім алынады.
Достарыңызбен бөлісу: