412
береді, алайда ыстық əдіспен алдын ала дефекациялаудағы шырын
жақсы сүзіледі. Қызылшаның сапасы төмен түрін өңдегенде салқын
(жылы) əдіспен алдын ала дефекациялауға баса мəн беріледі, өйткені
бұл кезде шырынға ыдырағана қуыздардың жəне пектинді заттардың
өнімдерінің өтіп кетуі аз мөлшерде болады. Қант зауыттарын-
да диффузионды шырынды тазартуда салқын əдіспен қарқындата
алдын ала дефекациялаудың,І сатурациялау алдындағы құрама
қалыптағы салқын-ыстық негізгі дефекациясының жəне ІІ сатураци-
ялау алдындағы қосымша ыстық əдіспен жүргізілетін дефекацияның
типтік технологиялық схемасы қолданылады. Осы схемаға сəйкес
(7.7-сурет) диффузионды шырын мезгадан тазаланғаннан кейін
дефекатор алдындағы орынға түседі, мұнда шырынның ІІ жəне
І сатурациясындағы тұнбаның суспензиясымен жəне əкті сүтпен
баяулап араластырыла отырып рН мөлшері 10,8...11,6 жеткенше
жүргізіледі. Известің жалпы жұмсалуы қызылшаның салмағымен
алғанда 0,2...0,3% СаО құрайды. Шырындағы известің əсерінен
ондағы қышқылдардың бейтараптануы жүреді, заттардың коллоид-
ты дисперстілігі жəне жоғары молекулярлық қосындылардың коа-
гуляциялануы, нашар еритін кальций тұздарының шөгуі туындай-
ды. Сонымен, алдын ала дефекациялауда көп мөлшерде қант емес
заттардың шөгуіне жол беріледі де, белгілі бір қабілеті бар тұнбаны
алуға қол жеткізіледі. Оңтайлы алдын ала дефекациялауды көлденең
орналасқан дефекаторда (7.8-сурет) жүргізеді, ол цилиндрлі кор-
пустан
3, қалақшалы бұлғауыштардан
4, көбік түсіргіштен
1 жəне
тұнбаны араластырғыштан
5 тұрады. Диффузионды шырын, І
сатурациядағы шырын жəне дефекацияланған шырын жекеле-
ген патрубоктар арқылыдефекатордың төменгі бөлігіне беріледі.
Қарсы айналымдағы қалақшалар
2 шырынның дөңгелене айналуы-
на кедергі жасайды. Алдын ала дефекацияланған шырын құятын
қорапшаларға қарай жылжытылып, аппараттың негізгі дефекация-
лау бөліміне түседі. Қарқынды алдын ала дефекациялау көлденең
орналасқан секциялы дефекаторда жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: