Диффузионды шырынның негізгі дефекациясы. Негізгі де-
фекациялауды алдын ала дефекациялаудан кейін сүзбей-ақ бірден
жүргізеді, оны 85-88 ºС дейін қыздырып алып жүзеге асырады.
Негізгі дефекациялау кезінде келесідей үрдістер жүреді: органикалық
қант емес заттардың (амин қышқылдары, аммоний тұздары, ре-
дукциялаушы заттар) ыдырауы, майлардың сабындануы, анион-
ды қышқылдардың толықтай шөгуі жəне І сатурациядағы кальций
413
карбонаттарының жеткілікті деңгейдеалынуы үшін қажетті артық
əкті қалыптастыру.
Нəтижесінде аминтердің (аспарагин, глутамин жəне т.б.)
құрылысының бұзылуына қарай аммиак бөлініп шығады,
ерітіндіде еритін кальций тұздары түзіле бастайды, олар өз
кезегінде сахарозаның кристаллдануын нашарлатады жəне оның
шығындалуын ұлғайта түседі.
Редукциялаушы қанттардың бұзылуы нəтижесінде органикалық
қышқылдар: сүт, сірке, құмырсқа жəне басқа қышқылдар түзіледі,
олар əкпен бірігіп еритін кальций тұзын береді. Майларды сабын-
дандыру кезінде сабын түзіледі, олар тұнбаға түседі де, глицеринге
айналады.
Пектинді заттар метил спиртін, сірке қышқылын жəне жартылай
галактуронды қышқылды құрай отырып, ыдырайды. Метил спирті
шырынды қайнату барысында ұшып кетеді, сірке қышқылы суда
еритін сіркеқышқылды-кальций тұзын құрайды, ал жартылай галак-
туронды қышқыл – сүзуі қиын жалқық тұнбаны – пектат кальцийді
құрайды.
Сөйтіп, қант емес заттардың дефекациясы барысында құралған
ерітінді сүзуі қиын кальций тұздарын жəне бояғыш заттарды түзеді,
олар шырынды тазарту сапасын нашарлатады. Негізгі дефекациялау-
ды дефекаторда жүргізеді (7.9-сурет), оның көлденең орналасқан ко-
нус тəріздес түбі бар цилиндрлі корпустағы
1 аппарат. Дефекатордың
ішінде бұлғағыш қалақшалары бар
4 жəне 5 вал орналасқан, олар
75 – мин¹ жиілікте айналады жəне шырынды известь сүтімен
қарқындап араластыруға септесетін қарсы қалақшасы
3 бола-
ды. Шырын аппаратқа əкті сүтпен бірге төменнен беріледі де құю
қалташасы
2 бар жоғарғы түтікше арқылы аппараттан шығарылады.
Мөлшерлеп берілетін əкті сүтінің температурасы мен негізгі дефе-
кацияны жүргізу мерзімінің ұзақтығын (10 мин) өңделетін шикізат
өнімінің сапасына тəуелді жағдайда реттеп отыруға болады.
Дефекациялау кезінде қосылатын əктің артық мөлшері шы-
рынды физико-химиялық тазалау үшін қажетті болып саналады:
мұнда неғұрлым көп тұнба СаСО3 құралса жəне оның бөлшектері
неғұрлым ұсақ болса, шырынның тазалануы соғұрлым толық жүреді.
Сөйтіп, əктің артық мөлшерін дефекацияға араластыру кезінде
кең көлемдегі кальций карбонатының ұсақ дисперсті бөлшектерін
алуға қол жеткізіледі, бұл шырынның жоғары дəрежеде физико-
химиялық тазартылуына қол жеткізуді қамтамасыз етеді жəне оны
414
Достарыңызбен бөлісу: |