458
дəнді дезинфекциялау қажет етілмейді, сулау ұзақтығы 36-72 сағатқа,
өндіру 7-8 тəуліктің орнына 6 тəулікке дейін қысқарады.
Суландырып сулау. Дəнді жуып, дезинфекциялаған соң оны 6-8
сағ ішінде суда ұстайды, сосын суды ағызып, сегнер дөңгелегіне
қарай жібереді. Су дəн арқылы еніп, оны ылғалдап, таза ауа шығарады
жəне көмірсу диоксидін жояды. Осының нəтижесінде дұрыс тыныс
алу мен өнуі үшін қажетті дəннің үздіксіз аэрациясы жүреді.
Ауалы-суландыру арқылы сулау. Бұл əдісте дəннің тыныс
алуы үшін үнемі аэробты жағдайды қамтамасыз ететін дəнді су-
мен суару жəне аэрация үздікті түрде кезектесіп отырады. Дəннің
жеңіл қоспаларын алып тастап, жуып дезинфекциялаудан кейін
оны 6 сағ суда қалдырады. Сосын суды ағызып тастап, дəнді сегнер
дөңгелегінің көмегімен сумен суарады, үздікті түрде үстінен астыға
қарай желдеткішпен дəн арқылы ауа жібереді. Суару үздікті аэра-
ция түрінде 18-20 сағ ішінде жүргізіледі, сосын дəнді 2-4 сағ суда
қалдырады. Содан кейін тағы да 10-12 сағ ішінде аэрациялаумен су-
ару жүргізіледі де дəн суда 2-4 сағ тұрғызылады. Осындай режим
дəннің қажетті ылғалдығын алғанға дейін жалғасады.
Дəнді ауалы-суландыру əдісінде дəн жəшікті уыт өндіруде
жібітілуі мүмкін. Ол үшін жуылған жəне дезинфекцияланған дəн
жəшікке салынып, оны уыт араластырғышпен тегістеп, сосын əр
4-5 сағ дəнді сумен суландыра отырып араластырылады. Əр суару
кезінде дəнді салқындатылған ауамен желдетеді. Мұндай сулау 1,5-2
тəулікке үдерісті тездетеді жəне 1 т дəнге кететін судың шығынын
6-8 м
3
дейін азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: