Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет280/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Өндіру əдістері. Қазіргі кезде дəнді өндіру үшін пневматикалық 
жəне статикалық тоқты əдістер қолданылады. 
Тоқты əдіс тегіс асфальтталған немесе бетондалған едені бар 
бөлмеде тоқты уытханаларда іске асырылады. Жібітілген дəн 
дезинфекцияланған еденге жұқа қабатталып (25-30 см) жайылып, 
ашық түсті уытты алу үшін 7-8 тəу. ішінде 10-12
0
С температурада
күңгірт уытты алу үшін, керекті температураны жəне ауаның енуін 
қамтамасыз ету мақсатында оқтын-оқтын араластыра отырып 
9 тəу. өндіріледі. Бұл əдіс көп еңбекті қажет етеді жəне өнімділігі аз, 
температураны реттеуге мүмкіндік бере алмайды.
Пневматикалық уытхана жəшік немесе барабан типті 
пневматикалық уыт өсіретін қондырғыда іске асырылады. Əдісте 
көміртек диоксидінің жойылуын, аэрация жəне температураның 
реттелуін қамтамсыз ететін, өніп жатқан дəн арасына салқындатылған 
ауамен үрлеу қарастырылған.
Жəшікті уытхананың сырты (цементтелген) судың ағуы үшін 
қиғашынан жасалған, ішінде (торлы) дəнді өндіру жүргізілетін 
тікбұрышты пішінді бірнеше ашық жəшіктен тұрады. Жəшіктің 
үстінде шнекті араластырғыш қозғалып тұрады. Салқындатылған 
ауа ішкі жəне сыртқы түптері арасына желдеткіш арқылы беріліп 
тұрады. Жəшік саны өндіру тəулігінің санына сəйкес болуы ке-
рек. Өндіру кезінде дайындалған дəн жəшікке 0,8-1,2 м биіктіктегі 
қабатпен салынып, керекті салыстырмалы ылғалдықта (ϕ≥90%) 
жəне температурада ауамен желдетіледі. Жəшіктегі уыттың темпе-
ратурасы 12-16 
0
С деңгейде ұсталып тұруы керек. Өндіруді жақсарту 
үшін дəнді тəулігіне 2 рет жəшіктің ана басынан мына басына дейін 
араластырып тұрады.
Жəшікті уыт хананың 8-16 бөлімнен тұратын арақабырғалар мен 
бөлінген, əрқайсысына салқындатылған ауа жіберіліп, жылжымалы 
қатарласып тұратын ұзын түрі бар (9.6-сурет). 


463


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет