Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет281/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

9.6-суретЖылжымалы қатарласып тұратын пневматикалық уытхана
Жібітілген дəн күбіден 
1 торлы ыдысқа бірінші екі бөлімге са-
лынады. Əр 12 сағатта араластырғыш 
3 (ковшты конвейерлі жыл-
жымалы каретка) жəшіктің көлденеңінен қозғалады, уытты алып 
жəне оны торлы ыдыстың түбінің арнайы бөлігіне 
2 шашады. 
7-8 тəуліктен кейін дəн барлық жəшіктің көлденеңінен өтеді де, 
жаңа өнген уытқа айналады, араластырғышпен шнекті камераға 
4 
тиеліп шығарылып отырады. Мұндай уытхананың жəшіктермен 
салыстырғанда артықшылығы – араластырғыш қондырғының 
қарапайымдылығы жəне құрылысына аз капиталдың кетуі. Бірақ 
мұндай уытханада салқындатуда камераның бірігіп қалғандығынан 
жеке секцияда уыт өндіру үдерісін реттеу қиындығы, сонымен қатар 
ковшты араластырғыш уытты зақымдайды.
Барабан типті уытхана жабық жəне ашық түрде болады. Жабық 
барабанның екі түрі: тегіс елекпен жəне електі құбыр кеңінен 
тараған. 
Тегіс електі барабан ішінде тік тегіс торы бар цилиндр, ал електі 
құбыр барабан ортасында жəне шетінде торлы құбыр орналасқан бо-
лат цилиндрден тұрады. Өндіріліп жатқан дəн барабанның айналы-
мы (45-60 минутта бір айналым) бойынша араласады. Периферинді 
електі құбыр арқылы берілетін салқындатылған ауа дəннің қабаттары 
арқылы өтіп орталық електі құбырға түсіп, жойылады. Ауамен 
желдету оқтын-оқтын жүргізіледі. Дəн салынады да дайын уыт 
барабанның шеткі үстінде орналасқан қабылдағыш арқылы алынып 
отырады.
Статикалық уытханада сулау, дəнді өндіру жəне уытты кептіру 
бір аппаратта іске асырылады (9.7-сурет). 


464
Алдымен дəнді жуғыш аппаратқа 3 жууға, дезинфекциялауға 
жіберіп, асты жағынан жоғарыға қарай үздіксіз су жібере отырып 
жеңіл қоспаларын алып тастайды. Сосын дезинфекциялайтын 
ерітінді қосып, зарарсыздандыру үшін дəнді ұстап тұрады. Содан 
кейін ерітіндіні ағызып тастайды да дəнді сумен жуып, жаңа суда 
6-8 сағаттай ұстап тұрады, сосын сулы-дəнді қоспаны насос арқылы 
уыт өсіретін аппаратқа 
4 жібереді. Шнекті араластырғыш оны елек-
терге біркелкі етіп таратып шығады. Дəнді оқтын-оқтын суланды-
ру қондырғы 
1 жəне салқындатқыштың көмегімен сумен суланды-
рып, салқындатылған ауамен желдетеді. Сулау ұзақтығы 42 сағат 
аралығында. Сосын дəнді температурасын 14-18 
0
С деңгейде ұстап 
тұрып, ылғалдығы 85-98% жəне температурасы 14-18 
0
С болатын 
салқындатылған ауаны желдеткішпен 
2 оқтын-оқтын бере отырып 
өндіреді.
Уытты кептіруді кептіргіш агенттің температурасын əрдайым 
жоғарылата отырып бес сатыда жүргізеді. Ыстық ауа желдеткішпен 
8 жылугенераторынан 9 өсіретін аппараттың елек астындағы 
кеңістігіне астыдан жоғары қарай беріліп отырады. Кептіру режимі 
9.7-сурет. Статикалық уытханада уыт өндірудің аппаратуралық-
технологиялық сызбасы


465
жаңа өсірілетін уыттың сапасына байланысты болады. Ашық түсті 
уытты кептіру ұзақтығы 24-36 сағ. Кептіру аяқталған соң ыстық 
уыттың əр қабатына ауа үрлеу арқылы уытты 40-50
0
С-ға дейін суы-
тады. Суытылған уыт тасымалдағышқа 
10 салынып, нориямен 5 ал-
дымен бункерге 
6, сосын өскіндерін алу үшін машинаға 7 жіберіледі.
Статикалық уытхана тасымалдау операциясын азайтады, 
технологиялық циклді жəне ыдыстың металсыйымдылығын 
қысқартады, уыттың шығындалуын жəне судың меншікті шығынын 
төмендетеді. Бірақта мұндай əдісте технологиялық үдерісті реттеу 
қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет