Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Спирт өндірісі үшін уыт алудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет284/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

9.5. Спирт өндірісі үшін уыт алудың ерекшеліктері
Спирт зауытында уыт крахмалдың қанттануы жəне кей жағдайда 
ашытқының қосымша қоректенуі үшін қолданылады.
Спирт өндірісінде қолданылатын уыт крахмалды толықтай 
қанттандыра алу керек, осыған байланысты құрамында белсенді 
α- жəне β-амилаза, сонымен қатар, декстриназа болуы қажет. Бұл 
ферменттер дəнді өндіргенде əртүрлі дақылдарда бірдей емес 
қатынаста жинақталады. Арпа, қара бидай жəне бидай дақылдары 
өну кезінде уытқа жоғары мөлшерде α- жəне β-амилаза, аз мөлшерде 
декстриназа береді. Екінші топтағы дəндерден (тары, қонақ тары) 
алынған уыт төмен мөлшерде β-амилаза, орташа α-амилаза жəне 
жоғары мөлшерде декстриназаның болуымен сипатталады. Үшінші 
топтағы дəннен (сұлы) алынған уыт ферменттерінің мөлшері бой-
ынша бірінші жəне екінші топтың ортасында болады. Спирт зауыт-
тарында крахмалдың толық қанттануы үшін екі немесе үш топтан 
тұратын дəннен алынатын уыт қоспасы қолданылады. Мұндай қоспа 
жеткілікті мөлшерде керекті α-амилаза, β-амилаза жəне декстриназа 
ферменттерінен тұрады: тары жəне сұлы уытының мөлшері қоспада 
30 %-дан көп болмауы керек. Арпа уытын толықтай немесе жарты-
лай қара бидай немесе бидай уытымен, ал тары уытын – қонақ тары 
уытымен ауыстыруға болады.
Тазаланған жəне сұрыпталған дəнді көбінесе ауалы-сулы əдісте 
сулы-дəн
қоспасының температурасы 13-15
0
С-да жібітеді. Бірінші 
сулауда жеңіл қоспаларды алып тастайды (сұлыны жібіткенде жеңіл 
қоспаларды алмайды). Арпа, сұлы жəне бидайды 2-3 рет, қара би-
дайды 1-2 рет жібітеді. Əрбір сулауда дəнді судың астында 3-4 сағ, 
сусыз 2-3 сағат ұстайды. Дəннің ылғалдығы 38-40% болғанда оны 
тоқты немесе пневматикалық уыт өндіргішке жібереді. Өндіру 
үдерісі кезінде алғашқы екі тəулікте температура 19-20
0
С, сосын 
аяғына дейін ақырындап 13-14
0
С болатындай етіп реттеп тұрады. 
Арпа, бидай жəне сұлыны өндіру ұзақтығы 10-12 тəу, қара бидайды 
өндіру – 7-8 тəу. Ауысымына бір рет араластыру алдында дəнді су-
мен суландырады. Арпа жəне сұлы уытының соңғы ылғалдығы 44-
45%, қара бидай жəне бидайда – 40-41% болады.
Тары жылу сүйгіш дақыл болғандықтан одан уыт алудың өзіндік 
ерекшелігі бар. Сондықтан да сулауды 6 сағат суда, 4-6 сағат сусыз 
кезектестіріп, 35-38% ылғалдылыққа дейін 25-30
0
С температурада 
жібітеді. Тарыны сулаудың жалпы ұзақтығы 23-24 сағатты құрайды.


469
Тарыны температурасын ақырындап алғашқы 12 сағатта 25-тен 
30-35
0
С-қа жеткізіп, оны 26-30
0
С деңгейде екі тəулік жəне кейінгі 
тəуліктерде 23-26
0
С деңгейде ұстап тұрып өндіреді. Араластырар ал-
дында дəнді сумен суландырады. Тары уытының соңғы ылғалдығы 
40-42
0
С болады.
Спирт өндірісінде қолданылатын уыт кептіруді қажет етпейді, 
сондықтан да жаңа өнген уытты (жасыл) диірменде ұнтақтап, 1 кг 
уытқа 4-5 дм
3
қатынасында сумен араластырады. Уыт сүті деп ата-
латын мұндай қоспа 40%-тік формалин ерітіндісінде қосымша де-
зинфекцияланады. Жаңа өнген уыттың сапасы амилолиткалық (АС), 
жалпы қанттану (ОСП) жəне декстринолотикалық белсенділігімен 
бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет