513
рациялар (суслоны дайындау, ашытқыны өсіру жəне шығару) екі
ирекпен (су мен бу үшін) жəне бұлғағыш құрылғымен жабдықталған
герметикалық жабық цилиндр конустық бір ашытқы аппаратын-
да жүргізіледі. Бір аппараттың сыйымдылығы əдетте ашытқы
аппаратының көлемінен шамамен 8% құрайды, ал олардың саны
ашытқы аппараттарының санына тең болады.
Қанттандырғыштан сусло аппаратқа алынады, ол жерде
қажетті жағдайда азотпен байытылады, 30 минут 75
0
С темпера-
турасында пастерленеді, 30
0
С-қа дейін салқындатылады жəне
күкірт қышқылымен рН 3,8-4,0 дейін қышқылданады. Ашытқыны
27-30
0
С-пен 18-20 сағат бойы көбейтеді. Суслоның құрғақ
затттарының концентрациясы 17-18%-дан 5-6%-ға дейін төмендейді,
ал ал спирттің құрамы 4,5-5,0%-ға дейін өседі. Жетілген ашытқының
қышқылдығы бастапқыдан аспауы тиіс. Дайын ашытқының негізгі
массасын ашытқы аппаратына ауыстырады, ал бір бөлігін бөліп
алып ашытқыларды өсіру жинағына жібереді; босаған аппаратты
жуады, стерилдейді жəне келесі циклге дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: