512
бақыланады. Егер иоды бар суслоның түсі өзгермесе, қанттандыру
дұрыс өтті. Суслоны микроскопиялық
саңырауқұлақтар ферменттік
препараттармен қанттанғанда түсі көкшіл күлгін болады жəне
ашыған кезде крахмалды қосымша қанттанғанда жоғалып кетуі тиіс.
11.4. Ашытқыларды өсіру
Сусло қанттарын этанолға (этил спирті) айналдыру, ең қарапайым
саңырауқұлақтар жататын бір жасушалы микро ағзалар – сахароми-
цеттер ашытқысының ықпалымен жүзеге асырылады. Қолданылатын
ашытқылар ашыту белсенділігі жоғары (қантты тез жəне
толық
ашыту), спирттің максималды мөлшерін түзетін жəне барынша аз
көлемде қосымша ашыту өнімдерін (жоғары спирттер жəне глице-
рин) беретін болу керек, қоректену ортасы құрамындағы өзінің ал-
масу өнімдеріне жəне де басқа ықтимал өзгерістерге тұрақты болуы
тиіс. Осы талаптарға ашытқы нəсіптері ХІІ, К-81 сай келеді. Олар
моно–дисахаридтерді жəне ақырғы декстриндердің
бөліктерін ашы-
та алады.
Ашытқылардың өміршеңдігі температурамен, рН өлше-
мімен жəне қоректік ортасының құрамымен реттеледі. Саха-
ромицеттердің көбею оңтайлы жылдамдығы 30-32
0
С
темпе-
ратурасында байқалады, сонымен бірге өсіру температурасы
төмендеген жағдайда ашыт қының ашыту белсенділігі арта түседі.
Сондықтан ашытқыны өсіру бастапқы кезеңінде 18-22
0
С темпе-
ратурасын ұстап отырады. Бөгде
микро ағзалар дами алмайтын,
егілетін жəне өндірістік ашытқыны өсіруге стерильді жағдай жа-
сау үшін, ол ортаға күкірт немесе сүт қышқылын қосып рН-ты
3,8-4,0 деңгейінде ұстап отырады.
Жаңа кəсіпорынды іске қосқанда немесе кəсіпорын жұмысын
жөндеуден кейін қайта жандандырған жағдайда жəне ауыр
инфекцияға шалдыққанда ашытқыны өсіру стерильді жағдайда
жаңа сатысынан бастайды. Өсірілетін ашытқы биомассасын жинау
біртіндеп түтік сызбасы – колба (500 см
3
) – бөтелке (5 дм
3
) – жаңа
аппараты (5 дал) – ашытқы аппараты бойынша жүзеге асырылады.
Қалыпты өндірістік циклде өсірілетін
ашытқыны өндірістік
ашытқы санынан 10% есебінен іріктеп алады.
Ашытқы өсірудің үздікті, жартылай үздіксіз жəне үздіксіз
тəсілдері бар.
Үздікті тəсілі. Ашытқыны өсіру үздікті тəсілінде барлық опе-
513
рациялар (суслоны дайындау, ашытқыны өсіру жəне шығару) екі
ирекпен (су мен бу үшін) жəне бұлғағыш құрылғымен жабдықталған
герметикалық жабық цилиндр конустық бір ашытқы аппаратын-
да жүргізіледі. Бір аппараттың сыйымдылығы əдетте ашытқы
аппаратының көлемінен шамамен 8% құрайды,
ал олардың саны
ашытқы аппараттарының санына тең болады.
Қанттандырғыштан сусло аппаратқа алынады, ол жерде
қажетті жағдайда азотпен байытылады, 30 минут 75
0
С темпера-
турасында пастерленеді, 30
0
С-қа дейін салқындатылады жəне
күкірт қышқылымен рН 3,8-4,0 дейін қышқылданады.
Ашытқыны
27-30
0
С-пен 18-20 сағат бойы көбейтеді. Суслоның құрғақ
затттарының концентрациясы 17-18%-дан 5-6%-ға дейін төмендейді,
ал ал спирттің құрамы 4,5-5,0%-ға дейін өседі. Жетілген ашытқының
қышқылдығы бастапқыдан аспауы тиіс. Дайын ашытқының негізгі
массасын ашытқы аппаратына ауыстырады,
ал бір бөлігін бөліп
алып ашытқыларды өсіру жинағына жібереді; босаған аппаратты
жуады, стерилдейді жəне келесі циклге дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: