Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет312/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

11.4-суретДəнді картоп суслосын өндірістік ашытқылармен үздіксіз өсіру 
үздіксіз-ағынды ашыту аппараттық-технологиялық сызбасы:

(А – жеткен ашымық; В – су, ВС – су-спирт ерітіндісі; Д – ашытқы; П – 
жылытатын бу; К – конденсат)


516
сына уақыт сала тазаланып отыруының арқасында оларды 6-8 
сағатта стерилдеп тұруға болады, сонымен ашытқының тазалығы 
қамтамасыз етіледі.
Дайын өндірістік ашытқы сусломен бірге бірінші негізгі ашыту 
аппаратына беріледі. Ол толған кезде ашымық екінші негізгі ашы-
ту аппаратына, одан кейін үшінші негізгі ашыту аппаратына жəне 
одан əрі қарай құйылады. Ең соңғы түпкі аппараттан пісіп жеткен 
ашымық насоспен айдауға жіберіледі. Батареядағы ашытқының 
концентрациясын сусло ағымының жылдамдығы 90-120 млн кл/см
3
деңгейінде ұстап отырады.
Ашытқы аппаратында бөгде микроорганизмдердің жетілуінің ал-
дын алу үшін профилактикалық стерилдеуді өткізеді: белгілі бір уақыт 
кесімінен кейін (əр 2-3 тəулік сайын) кезекпен ашытқы аппараттарын 
өшіреді, оның ішіндегіні келесі аппаратқа құяды, ал босаған аппарат-
ты жуады да бумен залалсыздандырады, салқындатады жəне ашып 
жатқан сусломен толтырып өнім ағынына қосады. Инфекция түсуге 
қарсы күресте күшті жəне өзгеше микробтық зарарсыздандырғыш – 
лактомицинді қолданады. 
Ашыту барысында бөлініп шығатын көміртек диоксиді 
ашымықтың қабаттарынан өтіп спирт буларымен қанығады да газ 
құбырымен ашытқы генераторларынан жəне ашытқы аппаратта-
рынан спирт ұстағышқа бұрылады, ал газ ағынынан суық суды ад-
сорбциялау нəтижесінде спирт бөлінеді. Көміртек диоксиді спирт 
ұстағыштан сұйылтылған газ бен құрғақ мұз алу үшін арнайы цехке 
жіберіледі.
Жетілген дəнді картоп ашымағы белгіленген талаптарға сəйкес 
келуі керек. Күштілігі 8,0-9,5 % көл., ашымаған қант құрамы 
0,25-0,45% жəне ерітілмеген крахмал кем дегенде 0,2% шегінде 
болуы тиіс. Ашыту барысында қышқылдану 0,2 град., ал жетілген 
ашымықтың қышқылдығы – 0,5-0,6 град. аспауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет