Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Сірнеден (мелассадан) суслоны ашыту ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет313/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

11.6. Сірнеден (мелассадан) суслоны ашыту ерекшеліктері
Сірнеден (мелассадан) қант қызылшасы өндірісінің қалдығына 
жатады. Құрамы кем дегенде 75% құрғақ заттардан, оның ішінде 
46-52% сахарозадан тұратын, сондықтан оны этанол өндірісінде 
негізгі шикізат ретінде қолдануға болатын қою, тұтқыр, қоңыр қою 
түсті сұйықтық.
Құрамында крахмал мен қант бар шикізатты өңдеудегі 


517
технологиялық үдерістің айырмашылығы шикізатты дайындауда 
жəне суслоны əзірлеуде.
Сіренден (мелассадан) спирт алу үдерісі шамалы ғана 
технологиялық кезеңдерден тұрады, атап айтқанда: жаужапырақты 
ашытуға дайындау; ашытқыны өсіру; сірне суслосын ашыту; 
ашымықтан спирт алу жəне оны тазалау.
Сірнені (мелассаны) ашытуға дайындау гомогендену (құрамды 
орташалау), қышқылдандыру, асептендіру, ашытқыға қорек затта-
рын қосу жəне сумен араластыру сатыларынан тұрады.
Құрамды орташалау үшін гомогенизаторлар – жаужапырақты 
төменгі бөліктен биіктігі бойынша аппараттың түрлі жерлеріне на-
соспен айдағанда араластыру жүретін цилиндрлі су қоймалар.
Асептендіру (бөгде микроорганизмдердің тіршілігін жою) үшін 
араласпаған сірнені (мелассаны) күкірт немесе хлор сутек (тұзды) 
қышқылмен қышқылдандырады жəне жоғары бактерицидтік 
ықпалы зор, ашытқы мен спирт сапасына (хлорлы əк, сульфанол, 
формалин) əсері жоқ анти микробтық препараттармен өңделеді. 
Ақауы бар, инфекцияға қатты шалдыққан жаужапырақты (меласса-
ны) алдымен байланыс құрылғысында бумен залалсыздандырады, 
сосын пластинкалық жылу алмастырушыда салқындатады жəне таза 
мелассамен араластырады. 
Ашытқының қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін ашыту ба-
рысында сірнеге (мелассаға) фосфор мен азот көзі ретінде ортофос-
фор қышқылын, аммоний сульфатын немесе мочевина ерітіндісін 
қосады. 
Сірне (меласса) спирт зауыттарында бір немесе екі ағынды сус-
лоны ашыту тəсілін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет