518
рация мен сусло ағынымен 28-30
0
С
температурасында жүргізіледі.
Өндірістік ашытқы көлбеу коллекторы арқылы 9-11 аппараттан
тұратын ашыту батареясының негізгі аппаратына үздіксіз беріледі.
Ашып тұрған сусло кезекпен ағынды құбырлардан қозғалып,
барлық
ашыту аппараттарынан өтеді. Соңғы аппараттан жетілген ашымық
механикалық сүзбелер арқылы насоспен науайханалық ашытқылар
цехына сепарацияға айдалады, ашытқыдан
айырылған жетілген
ашымық тазарту (ректификация) бөлімшесіне жіберіледі.
Екі ағынды тəсілі. Сірне (меласса) суслосы екі концентраци-
яда дайындалады: өндірістік ашытқыны өсіруге арналған ашытқы
(құрғақ заттары 10-12%) жəне негізгі (құрғақ заттары 32-35%).
Бұл ретте бүкіл сірнеге (мелассаға) есептелген қышқыл мен қорек
тұздарының мөлшері ашытқы суслосына енгізіледі.
Екі суслоны да-
йындау нəижесінде бұл тəсілдің аппараттық рəсімі қиындай түседі,
бірақ сызбаның технологиялық артықшылықтары да бар: ашытқы
əрқашан стационарлық даму кезеңінде болады, ашытқы синтезіне
қант
шығыны азаяды, спирт шығымы өседі.
Өндірістік ашытқы ашытқы генераторларындағы ашытқы сус-
лосында дайындалады. Ашыту батареясының негізгі аппаратына
үздіксіз ағынмен 1 : 1 ара қатынасымен негізгі сусло жəне өндірістік
ашытқы беріледі. Ашымық ағынды
құбырлармен ашыту батареясы-
на өтеді жəне соңғы аппараттан қайта айдауға беріледі. Ашыту газда-
ры (көміртек диоксиді мен спирт булары) ашытқы генераторларынан
бу ұстағыш пен ашыту аппараты арқылы жеке спирт ұстағыштарға
жіберіледі.
Спирттен босаған, ашыту аппаратынан ұсталатын
көміртек диоксиді құрғақ мұз бен сұйытылған газ алу үшін арнайы
цехқа түседі, ал ашытқы генераторларынан – атмосфераға шығады.
Сірненің (мелассаның) пісіп жетілген ашымағының құрамында
0,2% ашымаған қант жəне 9,0-9,5% этанол болуы тиіс.
Егер пісіп
жетілген ашымықтан ашытқы бөлініп шықпаса, онда 1 дм
3
ашымықта
18-22 гр., ал бөліп шығарса – 2,5-3,5 г /дм
3
ашытқы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: