521
шығыны аз шығарады. Ондай қондырғының сызбасы 11.5-суретінде
келтірілген.
Бұл қондырғының негізгі элементтері: толық ректификациялық
тізбегі,
3 дефлегматор жəне
4 тоңазытқыш. Ректификация үдерісінің
жүру барысы келесі түрде жүреді.
Ашымық ашыту бөлімінен үздіксіз
беріледі,
3 дефлегматор арқылы
өтеді, 65-75
0
С температурасына дейін
қыздырылады жəне тізбектің ортаншы
жағына түседі. Астынан жылыту буы
беріледі.
1 тізбектің төменгі (айдау не-
месе ашымықты) бөлігінде ашымықтан
бумен этанол шығарып алынады.
Тəрелкеден тəрелкеге төмен ағуына
қарай ашымық спирттен босайды жəне
колоннадан шығады. Мұндай ашымық
барда деп аталады.
2 тізбектің жоғарғы (шоғырландыру
немесе спирттік) бөлігінде жоғары
көтерілетін бу ағында спирттің
шоғырлануы жүреді. Бу дефлегматорға
түседі, онда оның басым көпшілік бөлігі
(2/3) конденсаттанады жəне флегма
түрінде тізбектің спирттік бөлігіндегі тəрелкелерге ағады. Спирт
буының конденсаттанбаған бөлігі (1/3)
4 тоңазытқышқа түседі, онда
шикізат спирті конденсаттанады жəне салқындатылады.
Алынған шикі спиртінің күштілігі кем дегенде 88 % көл жəне
органолептикалық көрсеткіштері мен қоспа құрамы бойынша белгілі
бір талаптарға сай болуы қажет.
Қазіргі уақытта шикі спиртін тазартуға арналған ректификациялық
қондырғылар тек ликер-арақ зауыттарында ғана қолданылады.
Спирт зауыттарында ректификацияланған спиртті ашымықты рек-
тификациялау қондырғыларынан жанама əрекет ету арқылы тікелей
ашымықтан алады. Жанама əрекет ету үш колонналы ашымықты рек-
тификациялау қондырғысының сызбасы 11.6-суретінде келтірілген.
Қондырғы үш колоннадан тұрады: 1 ашымықтық, 5 эпюрациялық
жəне 6 спирттік, 2 ашымық жылытқышы,
4 дефлегматор жəне
3
тоңазытқыштар.
Достарыңызбен бөлісу: