Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Қауыздау бөлімінің технологиялық операциялары



Pdf көрінісі
бет48/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Қауыздау бөлімінің технологиялық операциялары
Қауыздау – жарма зауытының қауыздау бөлімінің негізгі 
технологиялық операцияларының бірі. Осы операцияның 
нəтижесінде дəннің (ядроның) ұрықтық жəне тұқымдық қабықтарын 
бөліп алады, ядроны аз-аздан ұсақтайды да, осы бөлшектерді 
дөңгелектейді немесе сопақ түрге келтіреді, жарманың сыртын 
ажарлап, жылтыратады – жарманың сыртқы түрі өзгереді (тауарлық 
түрі жақсарады), жарма бөлшектерінің біркелкілігі артады. 
Қауыздау бөліміндегі жарма шығару технологиясының операция-
2.2-сурет. Жарма дақылдарын булаудың сызбасы: 1 – автоматтық таразы-
лар; 2 – тоқтаусыз булайтын аппарат; 3 – бөліп-бөліп үлестеп булайтын ап-
парат; 4 – бумен кептіргіш; 5 – буланған дəнді салатын қорап; 6 – суытатын 
аппарат. 


96
ялары: дəнді ірілігіне қарай сұрыптау; қауыздау; қауыздау өнімдерін 
сұрыптау; ядроны ұнтақтау; ядроның сыртын жылтырату; жарманы 
ірілігі бойынша сұрыптау жəне тексеру; қалдықтарды тексеру. 
Дəнді қауыздау алдында сұрыптау 
Жарма дақылдарын біркелкі етіп, мұқият дайындаса да, 
құрамында мөлшері əртүрлі дəндер кездеседі. Бұл үдерістің 
режимдерін қоюды қиындатады. Сондықтан қауыздау алдында 
мөлшері бір-біріне жақын дəндерді бірнеше фракцияларға бөліп
бөлек-бөлек қауыздайды. Фракцияланбаған дəндерді қауыздау өте 
қиын. Өйткені жармалау машиналарының жұмыс саңылауларын қою 
қиынға түседі. Мысалы, егер жұмыс саңылауы ірі дəннің мөлшеріне 
сəйкес қойылса, онда уақ дəндер ақталмай өтіп кетеді, егер жұмыс 
саңылаулары майда дəннің мөлшеріне сəйкес қойылса, онда ірі дəн 
ұсатылып, ірі жарманың мөлшері азаяды, ұнтақ пен уақ дəндер 
көбейеді. Мұның бəрі қауыздау жүйесінің жұмысының сапасын 
төмендетеді. Сондықтан дəнді қауыздаудың алдында машиналардың 
жұмыс саңылауын түсетін дəннің мөлшеріне қарай қою үшін, 2 неме-
се 3 фракцияға бөлу қажет. Жарма дақылдарының түріне байланысты 
дəнді фракциялау үшін дөңгелек немесе ұзын саңылаулы електерді 
қолданады. Əсіресе, қарақұмық дəндерін дəлдеп бөлу керек. Оны 
бөлуге қолданылатын електің саңылауының мөлшері əр алты фрак-
ция арасында 0,2-0,3 мм болуы қажет. Ірі фракциялардың арасын-
да басқа фракциялардың дəндері 6%-дан, кіші фракциялардың ара-
сында ірі дəндердің қоспалары 8%-дан аспауы керек. Бұл талаптың 
қойылуы кейіннен ядроны қауыздалмаған дəннен мөлшеріне қарай 
бөліп алуды жеңілдетеді. Електің саны жəне мөлшері бөлінетін 
фракциялардың санына байланысты. Дəнді «n» рет бөлу керек бол-
са, онда «n-1» санды əртүрлі електер қойылуы тиіс. 
Дəнді екі сатылы əдісті қолданып бөлгенде алдымен қосымша 
2-3 ағынға, сонан соң əрқайсысын тиянақтап, ірілігіне қарай ке-
рек фракцияларға бөледі. Мұнда сырғымалы немесе өткізгіш 
əдістердің бірін қолданады. Бөлудің технологиялық сапасына əсерін 
тигізетін көрсеткіштер: дақыл дəндерінің физикалық-механикалық 
қасиеттері мен түрі; електің формасы жəне параметрлері; бөлектеуші 
машинаның жұмыс істеу жағдайы; електің саңылауынан өтетін 
дəннің мөлшері. 
Қазіргі кезде жарма өнеркəсібінде əртүрлі жарма дақылдарын 
бөлу үшін шкафты төрт технологиялық сызбасы бар АІ-БРУ маркілі 
елеуіштерді қолдануда.


97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет