98
-үйкелу, болат немесе құм-тас үстіне үйкелу нəтижесінде
қабыршақтары қауыздағыш-ажарлағыш ЗНШ маркілі, т.б. машина-
ларда ажарланып,
босатылады;
- соғу арқылы дəн тас-құм немесе болат үстіне соғылады да
сұлының, арпаның, т.б. қабықтары босап, ажырап қауыздалады.
Қауыздау жүйесінің сапалы жұмысына əсерін тигізетін жағдайлар:
- дəннің құрылымдық-механикалық қасиеттері – ядроның
мықтылығы, қабығы мен ядроның арасындағы байланыстың жəне
қабықтарының беріктігі;
- дəннің толықтығы, ірілігі жəне
біркелкілігі;
- дəннің ылғалдылығы, əсіресе ядро мен қабықтың
ылғалдылықтарының айырмашылығы;
- ылғалдау жəне булау режимдері;
- астық массасындағы қауыздалған дəннің мөлшері;
- қауыздаушы машиналардың түрі, олардың қолдану жағдайы, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: